Қазақстан • 17 Қаңтар, 2018
Абзал Талтенов: Елбасы Жолдауы жетістікке жету жолын айқындады
Күні кеше ғана Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жыл сайынғы Жолдауын елге ұсынды. Жолдауды Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы зор қызығушылықпен қабылдап отыр. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындап берді.
Қазақстан • 17 Қаңтар, 2018
Президент Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы Мемлекет басшысының 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының заңды жалғасы әрі қазақстандықтардың экономикалық-әлеуметтік жағдайын арттыруға және рухани жаңғырудың жаңа белесіне көтерілуге бағыттайтын тың саяси-экономикалық әрі рухани-мәдени бағдар деп білемін.
Қазақстан • 17 Қаңтар, 2018
Ел жетістігі – барша қазақтың мақтанышы
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын оқып, үлкен мақтанышпен және қуанышпен қабылдадық.
Инфографика • 17 Қаңтар, 2018
Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері
Қазақстан • 17 Қаңтар, 2018
Көл-көсір мұнайдың дәуірі аяқталып келеді
Алайда Атырау облысының даму көрсеткіштері жоғары. Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жыл санап артып келеді. Мемлекет басшысының биылғы халыққа Жолдауын жүзеге асыруға аймақта барлық жағдай бар. Еліміздің даму басымдықтарын айқындайтын, болашаққа бағдар беретін айрықша маңыздағы құжат – Жолдауды талқылауға арналған актив жиынында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев осылай деді.