Президент • 30 Қаңтар, 2020
Президент Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісін қабылдады
Кездесу барысында Қазақстан Президенті Ресей Федерациясымен арадағы стратегиялық және одақтастық қарым-қатынастарды, оның ішінде интеграциялық үдерістер аясындағы байланыстарды одан әрі жан-жақты дамытудың маңыздылығын айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2020
80 мыңнан астам отбасы АӘК тағайындауға құжат тапсырды
2020 жылғы 28 қаңтардағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш 80,5 мың отбасыдан қабылданды. Оның құрамына 412,9 мың адам кіреді, оның ішінде 265,6 мыңы бала. Көпбалалы отбасылардың үлесі 40,5 % немесе 32,6 мың отбасын құрайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 30 Қаңтар, 2020
Ресейде 500-ден астам балықшы құтқарылды
Құтқарушылар Сахалин облысындағы Мордвинов шығанағында мұзда жүрген 536 балықшыны эвакуациялады. Бұл туралы RT сайтында жарияланды.
Әлем • 30 Қаңтар, 2020
Чех программистері министр 16 млн еуроға бағалаған сайтты тегін жасады
Чехиялық novinky.cz сайтының хабарлауынша, осы елдің Көлік министрлігі құны 16 млн еуро тұратын сайтты жекеменшік компанияға жасатпақшы болып, келісімшартқа отырған. Ақша шашқыш министрдің бұл қылығы бірқатар программиске ұнамағандықтан олар дәл осы сайтты тегін жасап шығуға бел буады.
Әлем • 30 Қаңтар, 2020
Ливияда мектепке шабуыл жасалды
Ливия астанасы Триполидің оңтүстігіндегі мектепке белгісіз біреулер шабуыл жасады. Бұл туралы 24 Хабар телеарнасы хабарлады.