Жергілікті уақыт бойынша 23:20-да құтқарушылар әуесқой балықшыларды жағаға шығарды. Балықшылардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж емес. Құтқару жұмыстарына 15 адам, үш қайық және «Хивус-10» әуе кемесі тартылған.
Төтенше жағдайлар министрлігі бұдан бұрын да Мордвинов шығанағында жағадан 2 км қашықтықта мұз жарылғаны туралы айтқан. Құтқарушылар мұзға шығу әлі де қауіпті екені жайлы ескертті.
Бұған дейін Сахалин облысындағы Свободный ауданында 600-ге жуық балықшы құтқарылған.