Спорт • 23 Қаңтар, 2023
Студенттер сайысында ілгерілеу бар
АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында ұйымдастырылған ХХХ қысқы Дүниежүзілік универсиада өз мәресіне жетті. Жер-жаһанның ең үздік студент-спортшылары бас қосқан жарыста Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, 11 медаль жеңіп алды. Осы нәтижемен жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте 11-орында тұр.
Әдебиет • 23 Қаңтар, 2023
Биыл елордадағы Сәкен Сейфуллин музейінің құрылғанына 35 жыл толады. Алғашқы ашылған күннен осы шаһардың рухани-мәдени ордасына айналған шаңырақта дауылпаз ақынға қатысты бірқатар құнды деректер мен жәдігерлер сақталған. Жақында мұражайда айтулы күнге байланысты «Латын және төте қарпімен жазылған Сәкен шығармалары» атты көрме ашылды.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2023
Жуырда Шымкент қаласына «Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев табан тіреп, қоғамдық бірлестіктің Президенттің сайлауалды бағдарламасын қолдау және жүзеге асыру жөніндегі үндеуін жариялаған болатын. Осы жиында үшінші мегаполистегі бірқатар белсенді халық қалаулылары марапатталды.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2023
Қазақстан биоалуантүрлілік қауымдастығы көкқұсты «Жыл құсы» деп таныды. Онлайн сауалнамаға қатысқандардың 64 пайызы көкқұсты жыл құсына лайықты деп тапқан.
Спорт • 23 Қаңтар, 2023
Штаб-пәтері Германияның Бонн қаласында орналасқан Халықаралық футбол тарихы мен статистика федерациясы (IFFHS) әлемнің ең үздік ішкі чемпионаттарының рейтингін жариялады.