Коронавирус • 24 Қаңтар, 2022
Коронавирустың жақында пайда болған «Омикрон» штамы жедел таралуымен әлемді әбігерге салды. Бірнеше апта ішінде әлемнің түкпір-түкіпіріне жайылып үлгерді.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2022
«Парасат» – халық пен билік арасындағы үнқатысу алаңы
Тұрғындары наразылық білдіріп әкімдіктің алдына жиналмайтын, ұрандатып алаңға бармайтын, шеруге шықпайтын аудан бар. Түркістан өңірінде. Кез келген тұрғынның көкейде жүрген өзекті мәселені, белгілі бір саланың жұмысына байланысты кемшілікті, тұрмыс-тіршілікті жақсартуға қатысты ой-пікірін ашық айтуына мүмкіндік жасалған. Әкімі бастап, басқарма, бөлім басшылары ауылдағылардың алдына келіп, жағдай сұрайды.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2022
Жаңа Қазақстанға ең бірінші білімді ұрпақ қажет
Қазіргі уақыт – өте күрделі кезең. Кешегі елімізде болған жағдай бәрімізді ойландырады. Қазіргі кезең өткен 30 жыл уақытқа да басқаша қарауға міндеттейді. Президенттің жаңа Қазақстан құру туралы айтып жатқан мәселелері орынды. Ең алдымен жемқорлықты тоқтату керек. Басқару жүйесін өзгерту қажет. Шешім қабылдайтын орталық мамандардың жауапкершіліктен қорықпайтындай басқаша ынталандыру жүйесін қарастыру керек деп санаймын.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2022
Қазақстанда «Қасіретті қаңтар» оқиғасына байланысты бүкіл республика бойынша жарияланған төтенше жағдай аяқталмай жатып, Еуропа парламенті 19 қаңтар күні осы оқиғаларға қатысты қарарды талқылауға кірісіп кетті. Тіпті 20 қаңтар күні оны асығыс жағдайда қабылдап үлгерді.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2022
Алматының қанша тұрғыны зардап шеккені безбенделіп, бизнес шығыны түгенделіп жатыр. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында зардап шеккен дәрігерлерге, қауіпсіздік қызметкерлеріне және өрт сөндірушілерге өтемақы төленеді.