Саясат • 22 Қаңтар, 2024
Қызылордаға Чех Республикасынан бизнес өкілдері келіп, өңірдегі инвестициялық жобалармен танысты. Шетелдіктер Сырдағы балық өнімдерін экспорттау, энергетикалық жобалар мен мұнай-газ құбырлары өндірісіне қызығушылық танытып отыр.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2024
Қар суы қарбалас тудыруы мүмкін
Тобыл мен Торғай арасындағы алып атырапты басып жатқан сере қар көктемде селге айналса, 36 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Облыс әкімдігінде өткен кеңесте алдағы қауіптің алдын алу үшін тиісті қызметтер нендей қам жасады, не жетіп, не жетіспей жатыр деген мәселелер талқыланды. Жиын барысында биыл өңірде қардың шамадан тыс мол түскені, кейбір аудандарда тоңның қалыңдығы 1 метрден асып кететіні айтылды.
Жәдігер • 22 Қаңтар, 2024
Оңтүстік астанадағы креативті орталықтардың бірі ретінде ерекшеленетін Алматы музейі қорында бүгінде 40 мыңға тарта экспонат бар. Олардың қатарында бейнелеу өнері, ұлттық, сондай-ақ өзге халық өкілдерінің этнографиясы, әртүрлі дәуір мен мәдениетке тиесілі тұрмыстық заттар коллекциясы, нумизматика, фото және құжаттар сақталған.
Ауыл • 22 Қаңтар, 2024
Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданына қарасты Бисен ауылында су жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Жаңа ғимарат «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған.
Дәстүр • 22 Қаңтар, 2024
Текелі тауларының баурайында «Ұлы дала дүбірі: саятшылар сайысы» ұлттық ойыны өтті. V дүниежүзілік көшпелілер додасы аясында қолға алған мәдени іс-шара рухымызды асқақтатты. Саятшылықты серік еткен серілер дала төсін дүбірге бөлеп, құс ұшырып, тазы жүгіртті.