Қазақстан • 22 Қаңтар, 2020
ТурСтат: ТМД елдеріндегі ең танымал тау шаңғы курорттары
«ТурСтат» туристік порталы ТМД елдері арасында 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларына арналған ең үздік және танымал тау шаңғы курорттарының тізімін жариялады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Технология • 22 Қаңтар, 2020
Microsoft компаниясы климаттық инновациялардың дамуына $1 млрд бөлетін болды
Осы арқылы компания өзі ауаға тарайтын көміртектің көлемін азайтуды жоспарлады. Microsoft бас директоры Сатья Наделла мен компанияның басқа да жетекші тұлғаларының бастамасымен 2030 жылға қарай компания көміртек эмиссиясының деңгейін төмендетуді көздеп отыр. Қысқасы, аталмыш компания өзінің 1975 жылы негізі қаланғаннан бергі бүкіл аралықта ауаға таралған көміртек салдарын 2050 жылға қарай толығымен жоюды жоспарлады. Сондай-ақ Microsoft өзінің көміртекті ізін жоятын технологияларды дамытуға $1 млрд инвестиция құя отырып, өз клиенттеріне де ауаға шығарылатын көміртекті азайтуға көмектесуге ниетті екенін білдірді.
Президент • 22 Қаңтар, 2020
Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады
Кездесуде Талғат Донақов Президентке Жоғарғы Сот Кеңесінің 2019 жылғы жұмыстарының қорытындылары жайында баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020
Облыс орталығындағы әдебиет және өнер музейінде халықаралық суретшілердің «Бурабай аңыздары» атты көркемсурет көрмесі өткізілді.
Бокс • 22 Қаңтар, 2020
Алтын белбеу үшін төрт боксшы таласады
Осыдан біраз уақыт бұрын Мексиканың мықтысы Сауль «Канело» Альварестің WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан өз еркімен бас тартқаны белгілі.