Технология • 22 Қаңтар, 2020

Microsoft компаниясы климаттық инновациялардың дамуына $1 млрд бөлетін болды

312 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы арқылы компания өзі  ауаға тарайтын көміртектің көлемін азайтуды жоспарлады. Microsoft бас директоры Сатья Наделла мен компанияның басқа да жетекші тұлғаларының бастамасымен 2030 жылға қарай компания көміртек эмиссиясының деңгейін төмендетуді көздеп отыр. Қысқасы, аталмыш компания өзінің 1975 жылы негізі қаланғаннан бергі бүкіл аралықта ауаға таралған көміртек салдарын 2050 жылға қарай толығымен жоюды жоспарлады. Сондай-ақ Microsoft өзінің көміртекті ізін жоятын технологияларды дамытуға $1 млрд инвестиция құя отырып, өз клиенттеріне де ауаға шығарылатын көміртекті азайтуға көмектесуге ниетті екенін білдірді.

Microsoft компаниясы климаттық инновациялардың дамуына $1 млрд бөлетін болды

Осы мақсатқа жету үшін компания 2025 жылға қарай барлық ғимараттар мен кампустарды, мәліметтерді өңдеу орталықтарын қалпына келетін қуат көздеріне ауыстыруды, сондай-ақ, ішкі көлік паркін электрмен толықтай қамтуға жоспарлап отыр. 2050 жылға қарай компания өзі қаланған сәтінен бастап тікелей қалдықтардан бөлінген және де электр қуатын тұтыну есебінен пайда көміртек ізін толығымен жоюды жоспарлауда. Бұл үшін ормандар отырғызу мен қалпына келтіру, көміртекті секвестраттау (топырақтағы көміртекті сүзу), көміртекті байланыстыру және сақтаумен байланысты биоэнергетика (BECCS) және ауаны тікелей «ұстап алу» (DAC) сынды бірқатар әдістер қолданылмақ.

Сондай-ақ ауқымды жоспардың ішінде жаңа Климаттық инновациялар қоры аясында көміртек қалдықтарын жоюға және оларды ауадан тазартуға болатын технологияларды дамытуға төрт жыл ішінде миллиард долларды бөлу қарастырылған.

Microsoft өзінің серіктестері мен клиенттеріне өз көміртек қалдықтарын азайтуға көмектесетін технологияларды жасап шығарып, оны қолданысқа ендірумен айналыспақ. Атап айтқанда, Microsoft Sustainability Calculator жаңа құралы Power BI-дағы нәтижелерді визуализациялау арқылы Azure бұлтын қолданудан шыққан көміртек эмиссиясының көлемін болжай алады. Бұл клиенттерге қазіргі қалдықтардың көлемін өлшеп, бұлтқа толықтай көшуден экологияға тиетін пайданың әлеуетін бағалауға көмектеспек. Келесі жылы Microsoft сатып алу және логистика үдерістеріне экологиялық қағидаттарды интеграциялауға ниетті, бұл қамтамасыз етушілер шығаратын көміртек көлемін қысқартуға жағдай тудырады.

Сондай-ақ Microsoft жыл сайын Environmental Sustainability Report есебін жариялауды көздеп отыр, бұл есепте жүргізілген жұмыс туралы статистика келтіріледі. Сондай-ақ компания қызметкерлері климатты сақтауда күш біріктіру үшін бүкіл жағдайды жасауға ықыласты екендігін мәлімдеді. Бастама туралы толығырақ ақпаратты компания блогынан оқуға болады.