Аймақтар • 21 Қаңтар, 2019
Алматыда тау кластерін дамытудың жоспары жасалды
Алматы мен жалпы Жетісу өлкесінде тау кластерінің туристік әлеуеті өте жоғары. Елімізге келген Австрияның «Master Concept» компаниясының бас директоры Гернот Ляйтнер осылай дейді.
Руханият • 21 Қаңтар, 2019
Басқардың күлкісі – басқаша күлкі
Басқарбек Битанов қыршын кеттi. Небәрi 35 жыл ғана ғұмыр кештi. 1 қаңтар күнi дүниеге келiп, 1 қаңтар күнi пәниден өттi. Көзі тірі болса талантты қаламгер осы күндері ортамызда 60 жасын атап өтер едi. Ол сан қырлы өнерпаз болатын. Әуелетiп ән салатын, музыкалық аспаптардың кез келгенiнiң құлағында ойнайтын. Сонымен бiрге кез келген адамның даусын айнытпай салатын ерекше өнері және бар еді. Жiгiттiң сұлтаны, жампозы деседе болғандай. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында қарымды қаламгер, ақберен журналист, өз замандастарының алдыңғы легiнен табылатын азамат екенiн танытып үлгердi. Әсiресе, сатира саласында өзiнiң орнын ойып алып, қаламының қытығының қаншалықты қуатты, ал күлкiсiнiң қаншалықты шуақты екенiн аңғартып кеттi. Оны кезiнде «Тамаша» және басқа да ойын-сауық отауларында қойылған уытты әзiл-әжуалары мен баспасөз бетiнде жарияланған әзiл-оспақ әңгiмелерiнен талай байқадық.
Қазақстан • 21 Қаңтар, 2019
Бабасы ерлік жасаған күні туған ұл
Кезінде көмір өндірісіне талай майталман маманды даярлауымен атақты Қарағанды тау-кен техникумының, бүгінгі политехникалық колледждің жетекшісі Зекен Рахимовпен әңгімелесу сәтінде шамасы төрт-бес жасар бір балақан кіріп келді.
Медицина • 21 Қаңтар, 2019
Ауылдарды сақтап қалудың амалы қандай?
«Бұл мәселе жергілікті билікті алаңдата ма?» деп өзімізге-өзіміз сұрақ қоятын кездеріміз болады. Аудан әкімдері бірінен соң бірі ауысып жатыр, олардың қабылдауында да болдық. Мәслихат депутаттарының да пікірін білдік. «Ауылдың болашағы жоқ» дейді. Ауылдың болашағы болмаса, ауданның, облыстың болашағы қайдан оңады? Аймақ бойынша демографиялық құлдырау да ауылдың әлеуметтік жағдайына тиісті деңгейде көңіл бөлмеуден басталмай ма?
Видео • 21 Қаңтар, 2019
Әлемдік экономика форумы өтеді (видео)
Әлемдік экономика форумына кімдер және қанша адам келеді, олар қандай тақырыпты сөз етпек деген сауалдарға жауап алғыңыз келсе, видеоға назар салыңыз.