Бағдарламалар • 15 Қаңтар, 2018
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттың рухани дамуының жаңа бір бағыт-бағдарын айқындап беріп, Қазақ елінің алдында тағы бір үлкен жауапты міндет тұрғандығын атап өтті. Иә, осыған орай ұлттық сананы айшықтайтын, жаңа рухани қоғам қалыптастыратын, рухы биік, санасы жаңашыл, ұлттық рухта тәрбиеленген, ұлтжанды, отансүйгіш өскелең ұрпақ қажет екендігі айдан-анық.
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2018
Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының Үндеуі
Президент • 15 Қаңтар, 2018
«Тәуелсіздік дәуірі» – жасампаздық шежіресі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» деп аталатын жаңа кітабы – бұл, әрине мемлекеттілікті қалыптастыруда іргелі өзгерістер орын алған тәуелсіз дамудың 26 жылына деген авторлық көзқарас. Автордың өзі атап көрсеткендей, «Мемлекет құру – аса күрделі жасампаз процесс». Кітап қазірдің өзінде тарихи публицистика ретінде оқырмандар тарапынан ең жоғары баға алып үлгерді. Ол біздің неден бастап, қай жерге келгеніміз, қайда бағыт алып бара жатқанымыз жөнінде көптеген сұраққа жауап береді.
Бағдарламалар • 15 Қаңтар, 2018
Жолдау жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Астанада «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына қолдау білдіру мақсатында Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысын өткізді.
Жекешелендіру жөн-жосықсыз жасалмасын
Мәжілістегі «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы өткен жылдың қазан айында Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаевқа депутаттық сауал жолдап, онда денсаулық сақтау нысандарын жекешеге сатудың нақты шарттары бар бағдарлама әзірлеп алмай тоқтата тұру керек екенін өтінгенбіз. Біз асығыс жекешелендірудің кесірінен мемлекет тиісті деңгейде нақты табыс ала алмайтынын, сонымен бірге нысанның өзі де қосымша инвестиция тарта алмайтынын ескерткенбіз.