Экономика • 22 Қаңтар, 2020
Биыл бүкіл ел бойынша 9,8 мың шақырым автокөлік жолы жөнделмек. Оның ішінде 2,6 мың шақырым жолдың жөндеу жұмысы жыл соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған. Ал осы республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсартуға қазына қоржынынан 750 млрд теңге шамасында ақша жұмсалады екен. Ниет қылған жұмыстардың дені «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде жүзеге аспақ.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020
«Атыңды «Қызылжар» деп бабам қойған»
Есіл өңірі ғана емес, иісі қазақ даласы Петропавлды ежелден Қызылжар деп атап келгенін бәріміз білеміз. Жас күнімізден «Қызылжарға барады», «Қызылжарда оқиды» деген сөздермен санамызға сіңісті болған осы атауды растайтын тарихи құжат та бар. Бірақ сонау патша заманынан қалған қалаға жергілікті халықтың тарихына тікелей қатысты жоқ атау әлі күнге өзгермей келе жатыр.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2020
Былтыр елімізде кедейлік шегіндегі көп балалы аналар мен отбасыларды қолдауға арналған іс-шаралар қабылданғаны белгілі. Биыл атаулы әлеуметтік көмек беру жүйесіне бірқатар өзгертулер енгізіліп, табысына қарамастан 4 және одан да көп баласы бар отбасыларға тұрақты жәрдемақы және табысы төмендеріне оған қоса атаулы көмек беріле бастады.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020
С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Абай – әр үйдің төрінде» кітап сыйлау акциясын бастады. Шара аясында қоғамдық орындарда қала тұрғындары мен қонақтары арасында кемеңгер тұлға туралы сауалнамалар жүргізілуде. Сондай-ақ шара барысында Абай шығармалары, соның ішінде өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқыған, композитордың әндерін нақышына келтіре шырқаған қала тұрғындары мен қонақтарына Абайдың кітаптары сыйға берілді.
Руханият • 22 Қаңтар, 2020
Биыл туғанына 175 жыл толатын данышпан Абай қазақ жазба әдебиетінің көгінде жарқ ете қалғанда, жер-жерде оның туындыларын майшаммен іздеп, жете танығандар, сөйтіп, ұлы ақын шығармалары туралы алғаш пікір айтқандар өз заманында аз болмаса керек. Осы орайда «Абайды алғаш танығандар» деп тақырып қойған біз бұл мақаламызда тек Торғай өңірінен түлеп ұшқан – ұлы ақынның талантын мойындап, бағалаған үш тұлғаны алып, қарастырып отырмыз. Оның бастауында, әрине, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы тұрғаны анық.