Қазақстан • 13 Қаңтар, 2018
Қазақстанда 2017 жылы ет өндірісі 9,7% артқан
Қазақстанда ет өндіру көлемі 2017 жылдың қаңтар мен желтоқсан аралығында 241 771 тоннаны құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 9,7% көп, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2018
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 28% өсті
Алдын ала мәліметтер бойынша, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен өзара сауда көлемі 2017 жылдың қаңтар-қарашасында қаржы эквивалентімен алғанда 15 599,2 млн долларды құрады. Бұл 2016 жылғы сәйкес мерзімдегі көрсеткіштермен салыстырғанда 28 пайызға көп, деп хабарлайды Ұлттық эконмика министрлігінің Статистика комитеті.
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2018
Алматыда коньки мен шаңғы тебуді тегін үйренуге болады
Алматыда коньки және шаңғы тебуді тегін үйренуге болады, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық хаб өкілдері.
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2018
Тасмағамбетов пен Лавров елдердің БҰҰ ҚК-дегі әріптестігін талқылады
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен екі елдің халықаралық аренадағы өзара әріптестігі мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2018
2017 жылы Қазақстан 72,9 млн тонна мұнай өндірген
2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстандағы мұнай өндірісінің көлемі 72,932 млн тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 11,2%-ға көбірек, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.