Кездесу барысында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының, сондай-ақ екі елдің халықаралық аренадағы, атап айтқанда, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы аясындағы өзара әріптестігінің өзекті мәселелері талқыланды. Тасмағамбетов пен Лавровтың кездесуі екі елдің дәстүрлі қатынастарына тән жылы әрі сенімді жағдайда өтті.
Айта кетелік, 18-19 қаңтар күндері Нью-Йоркте Қазақстанның бастамасымен БҰҰ ҚК-нің Ауғанстан мен Орталық Азия бойынша және жаппай қырып-жою қаруын тараптау жөніндегі отырысы өтеді.