Шаруашылық • 18 Қаңтар, 2025
Елде мал басы мен құс саны артқан. Дарқан даламызда 4,4 млн сиыр, 4,1 млн жылқы, 2,8 млн түйе бар. Әйткенмен бүгінде мал бағу, төл алу мен мал өнімдерін өндіріп сату қиындап барады. Оның басты себебі – мал өнімдерінің нарықтағы бағасының төмендігінде.
Шаруашылық • 18 Қаңтар, 2025
Бал арасы – бақуаттылықтың бастауы
Ел еңсесін көтеретін құдірет еңбек дейтін болсақ, тырбанып тіршілік еткен кез келген қарекет тым жақсы. Ал бал арасын баптау – өзгеше өнеге. Жеке кәсіпкер Сергей Шмидтпен облыс орталығындағы базарда жолықтық. Бал іздегенбіз. Сатушы болғанымен, сапасы әрқилы болуы әбден мүмкін. Таңдаудың өзі бір машақат. Тұтынушыларға бал ұсынып тұрғандардың бәрі дерлік – өзге ұлт өкілдері. Араның тілін ұғатындар осылар ғана тәрізді. Әлден уақытта «Аға, менің балымды алсаңызшы», деген дауыс естілді. Назар салсам, сарғыш өңді өзге ұлттың азаматы. Тілі тіпті жатық. Кейбір ағайыннан артық. Сөйтсем, Сергей Мартынович Зеренді ауданына қарасты Ескенежал ауылының тұрғыны екен.
Сұхбат • 18 Қаңтар, 2025
Саясат Нұрбек: Зерттеу университеттері жаңа деңгейге көтерілуге міндетті
Ғылым мен жоғары білім саласы өткен жылы неден ұтты, неден ұтылды? Жаңа жылда қандай өзгеріс күтіп тұр? Бұл саланың болашағы қандай? Осы және басқа да сұрақтарға жауап алу үшін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті сөзге тарттық.
Теңге • 18 Қаңтар, 2025
Шектеу шаралары теңгені нығайта ма?
2024 жылдың соңында теңге бағамы бір долларға шаққанда 500 теңгеден асып, қоғамдық резонанс тудырды. Бұл үрдіс биыл да жалғаса түсті. Осыған байланысты Ұлттық банк қатаң шаралар енгізуге мәжбүр болды. Ең алдымен айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамының шегін белгіледі. Ол енді АҚШ доллары үшін – 7 теңге, еуро үшін – 10 теңге.
Қаржы • 18 Қаңтар, 2025
Ұлттық банктің Ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлемені бұрынғы 15,25% деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады. Қазір елдегі жылдық инфляция деңгейі – 8,6%. Негізгі мақсат – 5%-ға төмендету.