Парламент • 18 Қаңтар, 2024
1999 жылға дейін шетелдіктер асырап алған балалар туралы мәлімет жоқ – сенатор
Сенатор Дархан Қыдырәлі Үкімет басшысына және Бас Прокурорға депутаттық сауалын жолдап, шетелге кеткен жетімдердің тағдыры туралы мәселе көтерді. Депутат аталған мәселенің бірнеше рет көтерілгенін, прокуратура тарапынан жағдайды реттеу әрекеттері болғанын, бірақ, тексеріс нәтижесі беймәлім екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 18 Қаңтар, 2024
«Үш мың жылдық тарихы бар». Сенатор ұлық мерекені қалай тойлау керектігін айтты
Сенат отырысында депутат Әли Бектаев депутаттық сауал жолдап, Наурызды тойлаудың елдік дәстүрін нығайту үшін идеологиялық негіз қалыптастыруды және ілгерілетуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 18 Қаңтар, 2024
Сенаторлар бірқатар халықаралық келісімді ратификациялады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар бірқатар заңды қарап, мақұлдады және депутаттық сауалдарын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 18 Қаңтар, 2024
«Жәнібек екеуміз жекпе-жек өткізсек». Танымал боксшы ұсыныс айтты
Кәсіпқой бокста 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен, бірінші жартылай орта салмақта IBO чемпионы Жанқош Тұраров орта дивизионда IBF және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеудің иегері Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) бірге жекпе-жек өткізу туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2024
Шетелдіктер қазақ балаларын асырауға ген тазалығы үшін қызыққан - Қымбат Досжан
2004 жылы бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласын анасымен қауыштыру үшін барын салып жүрген журналист, «Бармысың, бауырым» хабарының авторы Қымбат Досжан «Qazaqstan» ұлттық арнасының «1001 түн» хабарында қонақ болды. Журналист Жәнібектің досы Нәзия Маматовамен бірге 2 жасында Арқалықтан шет ел асырылған баланың анасын іздеу ісі қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп жазады Egemen.kz.