Руханият • 25 Қаңтар, 2021
Күллі Түркінің киелі топырағында қабыландай жортуылда жүрген қайран бабаларым-ай! Қалың елдің қасіреті мұз болып қатқанда көкірегінің жалынымен жібіткен, семсер жүзі серттесіп, аспан сүйген тауларына, көк жазира бауларына көз қадаған қаншама дұшпанының бетін қайтарды десеңізші! Алып Ер Тұңғадан тұтанған рухтың шырағын сөндірмей дарқан даланы даңқымен тербеген қаншама батырлардың кеудесінде лапылдап жанды екен?! Қылышынан қан кеппеген кер заманның қасіретті оқиғаларында ұлт ошағы сөнбеуі, ұлы өскіні сембеуі үшін ат жалында күнқақты ғұмыр кешкен сол баһадүрлердің әрбірінің асқақ тұрпаты, болмысы мен ерлік қиссасы – ұлт тарихының тамырлы тармағы емес пе?! Соның бірі Ер Едіге еді.
Қаржы • 25 Қаңтар, 2021
Теңгеге интервенциямен дем беру жалғаса ма?
2020 жылды қортындылаған Ұлттық банк ақпан, наурыз, қыркүйек және қазан айларында жасалған интервенцияның ең ірісі нарық күрт құлдыраған наурыз айында өткенін, оның көлемі 1 488 млн доллар екенін хабарлады. Жиынтығы 1,9 млрд доллар интервенция арқылы теңгеге дем беруге жұмсалды. Интервенциядан бөлек, қымбатшылық пен пандемияға қарсы күреске жұмсалған қаражат есебінен Ұлттық қор 5 млрд долларға азайды.
Оқиға • 25 Қаңтар, 2021
Әйгілі тележүргізуші Ларри Кинг 87 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Қайғылы хабар туралы ең алғаш Ora Media хабарлады. CNN агенттігінің хабарлауынша, оншақты күн бұрын журналист коронавирус жұқтырғаны анықталып, Лос-Анджелестегі Cedars Sinai медициналық орталығына түскен.
Әлем • 25 Қаңтар, 2021
Өткен сенбі күні Ресей Федерациясының барлық өңірінде наразылық акциялары өткізіліп, көптеген адам көшеге шықты. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Мәскеу қаласының орталығында болған митингке 4 мыңнан астам адам қатысқан.
Әлем • 25 Қаңтар, 2021
АҚШ тарихындағы саясаткер әйелдер
АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Джо Байден халық алдында адал қызмет етуге ант беріп, қызметіне кірісті. Бұл АҚШ Президенті әкімшілігіндегі бірқатар лауазымды тұлға да ауыстырылды деген сөз. Соның ішінде вице-президент лауазымына Камала Харрис келді. Басылымдар вице-президент қызметіне АҚШ тарихында алғаш рет әйелдің тағайындалғанын жазуда. Осы орайда аталған қызметке бақ сынасқан әйел саясаткерлерге шолу жасауды жөн көрдік.