Әйгілі тележүргізуші Ларри Кинг 87 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Қайғылы хабар туралы ең алғаш Ora Media хабарлады. CNN агенттігінің хабарлауынша, оншақты күн бұрын журналист коронавирус жұқтырғаны анықталып, Лос-Анджелестегі Cedars Sinai медициналық орталығына түскен.

Ларри Кинг өз мансабының 60 жылдан астам уақытын радио мен телевизия саласына арнап, әлемнің көптеген мемлекетінің басшыларынан, танымал тұлғалардан сұхбат алды. Ол жүргізген CNN арнасындағы Larry King Live бағдарламасын шартараптың түкпір-түкпіріндегі миллиондаған көрермен тамашалады. 1985 жылдан 2010 жылға дейін жалғасқан телешоу жер-жаһандағы ең үздік жобаның бірі саналды.
Кингтің өмірі – журналистиканы серік еткендердің бәріне үлгі. Ол 1933 жылы Нью-Йоркте діндар еврейлердің отбасында дүниеге келген. Шын аты – Лоренс Харвей Зейгер.
Ларри 8 жасқа толғанда әкесі Эдуард жүрек талмасынан дүние салған. Сөйтіп, қаршадай Кинг анасына көмектесіп, отбасын асырауға мәжбүр болған. Ол бала кезінен радиода жұмыс істеуді армандайды. Әйткенмен, мектепті аяқтаған соң еңбекке ерте араласуына тура келген. Сөйтіп, 20 жастағы Ларри пошта қызметімен айналысатын UPS компаниясына жұмысқа тұрады. Бірақ арманынан күдер үзбейді.
Оның тағдырын өзгертуге бір оқиға қатты әсер етеді. Бірде ол CBS арнасының журналисімен жолығып қалады. Тәжірибелі маманмен құмары тарқағанша әңгімелеседі. Сөйтіп, журналистің ақылын тыңдап, Флорида штатына тартып кетеді. Сәті түсіп, Майамидегі радиостансалардың біріне диджей қызметіне ілігеді.
Сөйтіп жүргенде радиодағы тілшілердің бірі кенеттен жұмыстан кетеді. Кингтің талабын аңғарған басшылық оған бағдарлама жүргізуге рұқсат етеді. Ларри диджейлікпен қатар жаңалықтар мен спорт ақпаратын тыңдарманға жеткізіп отырған. Сол кезде оның жалақысы аптасына небәрі 50 доллар ғана болған екен.
Ларри Кингтің өміріндегі тағы бір ерекше оқиға мынау. Алғашқыда ол радиоға шын аты-жөнімен Лоренс Харвей Зейгер болып шығып жүреді. Бірде басшылары дәл тікелей эфир алдында Зейгер есімі жұрттың есінде қалмайтынын айтып, тез арада тегін ұлтынан хабар бермейтін атауға ауыстыруды сұрайды. Ларри (Лоренсті еркелетіп осылай атаған) ұзақ ойланбастан, есіне түскен алғашқы тіркесті – King’s Wholesale Liquor жарнамасындағы Кинг сөзін таңдайды. Жаңа есім жұртшылықтың назарын бірден аударады. Сөйтіп, ол екі жылдан кейін аты-жөнін толықтай Ларри Кинг деп өзгертеді.
Кейінірек еңбекқорлығы мен тапқырлығының арқасында оның жүргізген радио шоулары тыңдарманның ықыласына бөленеді. Осылайша, аймаққа танымал журналиске айналады. 1970-ші жылдары атағы тіптен аспандап, бүкіл АҚШ-қа танылды. 1978 жылы Ларри Mutual Broadcasting System (MBS) радиосына ауысады. Осында ол Larry King Show токшоуын жүргізеді.
Аталған бағдарлама Кингтің даңқын шартарапқа жайды. MBS-те бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін CNN арнасы оны аттай қалап шақыртады. Сөйтіп, Ларри Larry King Live токшоуының негізін қалады. Бұл бағдарламаны 2010 жылға дейін тұрақты жүргізді.
Осы уақыт ішінде ол көптеген танымал тұлғалардан интервью алған. CNN арнасының мәліметіне сүйенсек, журналистік мансабында Кинг 50 мыңнан астам адамнан сұхбат алған екен. Олардың қатарында Мартин Лютер Кинг, Далай Лама, Билл Гейтс, Маргарет Тэтчер, Михаил Горбачев секілді әлемге әйгілі тұлғалар бар. Сондай-ақ АҚШ-тың 38-ші президенті Джеральд Форд та қонақтарының бірі болған. Ларри Кинг содан бері Барак Обамаға дейінгі АҚШ-тың президенттерінің бәрінен интервью алып шыққан.
Оның 1993 жылғы токшоуын бір сәтте 16,3 миллион адам көріп, рекорд орнатты. Кингтің 1995 жылы Палестина басшысы Ясир Арафатпен, Израиль премьер-министрі Ицхак Рабинмен және Иордания патшасы Хусейнмен жүргізген интервьюлері де шартараптың қызығушылығын оятты.
Ларридің журналистика саласындағы марапаттары мыңдап саналады. Солардың ішінде Peabody сыйлығы мен Эмми сыйлығының шоқтығы биік. Сондай-ақ Cable ACE марапатын 10 мәрте иеленген.
Ларри Кинг – журналистикада өз қолтаңбасын қалдырған тұлға. Ол ешқашан интервью алып отырған қонағының ұстанымына қарсы келетін сұрақ қоймаған екен. Сондықтан шығар, кейбіреулер оны тым жеңіл сауалдың иесі деп айыптаған. Алайда оның осындай тәсілі көрермендер мен тыңдармандарға қатты ұнайтын. Сол себепті, жұртқа өз ойын айтуға құмар танымал тұлғалар Ларри Кингтің интервьюіне қуана-қуана келісетін.
Кингтің тағы бір ерекшелігі – ешқашан сұхбат алатын адамының кітаптарын оқымайтындығы. Тіпті, интервьюге алдын ала дайындалмайды екен. Өйткені ол сұхбаттасы туралы көрермендер мен тыңдармандардан артық білуді ұнатпаған. Оның қойған сауалдары кейіпкерінің болмысын ашуға бағытталған.
Тіпті кейде ешкім күтпеген мәселеге тоқталады. Мәселен, Кинг бір сұхбатында АҚШ президенті лауазымын атқарған Ричард Никсоннан «Уоторгейттің тұсынан өтіп бара жатқанда өзіңізді біртүрлі сезінбейсіз бе?» деп сұрапты. Естеріңізде болса, Ақ үйді басқарып тұрған Р.Никсон «Уотергейт шуы» деп аталған оқиғадан кейін қызметінен кеткен еді. Енді бірде Рональд Рейганға «Ештеңені еске түсіре алмасаңыз, ызаланасыз ба?» деген сауал қойыпты.
Ларри Кингтің журналистикадағы ұстанымдары да өзгеше. Ол былай дейді: «Күн сайын таңертең бүгін айтатындарым маған ештеңе үйретпейтінін есіме салып отырамын. Егер бір нәрсені білгім келсе, тыңдап үйренуім керек. Сөйлеп жатқанымда ешқашан ештеңе үйренген емеспін».
«Мен бәрін білетін секілді көрінгім келмейді», дейді ол. Сондықтан ол сұхбат берген президенттерден өте күрделі саяси мәселелерді сұрамайтын. «Оның орнына «Президент мырза, бұл қызметте сізге не ұнайды?» немесе «Өміріңіздегі ең үлкен қателігіңіз қандай?» деп айтамын», деп ағынан жарылады Ларри.
Біреуден сұхбат алудың орнына, өзі интервью бергенде Кинг ағынан жарылады. «Бірде тілші менен өзімді қаншалықты журналист санайтынымды сұрады. «Білмеймін», деп жауап бердім. Өйткені мен тілші болып Иракқа барғым келмейді, бірақ онда барғандармен әңгімелескен ұнайды», дейді ол.
«Неге деген сұрақты қойған жөн. «Неге мұны істедіңіз?» Неге деген сұраққа бір ғана сөзбен жауап берілмейді».
«Табысқа жеткен адам бақ туралы айтпаса, өз-өзін алдап жүр».
«Спорт – маған қатты ұнайды. Ең әуелі соның жаңалықтарын қараймын».
«Кедей кезімді ешқашан ұмытпаймын. Жолым болып кеткені туралы да ойлауды тоқтатқан емеспін».
«Бастапқыда бәрін істей беретінмін. Майамиде жаңалық жүргіздім, ауа райын хабарладым, спорт туралы айттым, диджей болдым».
«Бір нәрсе істесең, оның нәтижесін күт».
«Мен United Parcel Service жүк көлігіне мініп, үйлерді аралап сүт саттым. Бірақ әрдайым радиода жұмыс істеуді армандайтынмын».
Мұның бәрі – Ларри Кингтің әр жылдары айтқан сөздері. Осыдан бірнеше жыл бұрын ол былай деген екен: «Мен қазір 80 жастамын. Өскенде не істейтінімді әлі білмеймін».
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • Кеше
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • Кеше
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • Кеше
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • Кеше
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • Кеше
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • Кеше
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • Кеше
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • Кеше
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • Кеше
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • Кеше
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • Кеше
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • Кеше
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • Кеше
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • Кеше
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
ForteBank пен Қазпошта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Экономика • Кеше
Спорт • Кеше
Үкімет басшысы Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
Үкімет • Кеше
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
Елорда • Кеше
Аймақтар • Кеше
Шымкентте тозығы жеткен үйлер сүріледі
Аймақтар • Кеше
Атырауда 563 мың тұрғын сақтандырылды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазалана ма
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Ілияс музейі отыз жетінші көктемін қарсы алды
Аймақтар • Кеше
Атырауда демеушілер 700 отбасы азық-түлікпен қамтиды
Аймақтар • Кеше
Ауылдарда тұрғын үй салына бастайды
Қазақстан • Кеше
Металлургия саласындағы өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті
Экономика • Кеше
Шетелден ПТР анықтамасыз келетіндер көбейді
Қазақстан • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • Кеше
Павлодарда үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
«Барыс Арена»: Енді хоккейді жанкүйерлері залдан тамашалайды
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі қандай?
Қазақстан • Кеше
Қазақстан сәуір айында мұнай өндірісін арттырады
Экономика • Кеше
Мигранттар үшін ең тартымды ел қайсы?
Қазақстан • Кеше
Туберкулездің таралуы төмендеген
Аймақтар • Кеше
Әлем • Кеше
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар