Қазақстан • 21 Қаңтар, 2020
Қазақстан Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты нығайтуда
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» Ынтымақтастық Кеңесінің 17-ші отырысына қатысты. Келіссөздерде Еуропалық тарапты ЕО Кеңесінде төрағалық етуші Хорватия Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич Радман таныстырды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2020
Маңғыстаулық полицейлер еріктілерді қызметке тартты
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған Жолдауында 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялауына орай, Ақтау қаласы Полиция басқармасының бастауымен Ақтау қаласы әкімдігімен және білім беру ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп меморандум жасалды. Сондай-ақ кең ауқымды кездесу өтті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2020
Солтүстік Қазақстанға өңірлерден 736 отбасы көшіп келген
Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан алынған мәліметтерге қарағанда Солтүстік Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы былтыр 2018 жылмен салыстырғанда негізінен өзгеріссіз қалған.
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2020
Оңдасын Оразалин кемшіліктерге жол берген басшыларға аяушылық танытпауды тапсырды
Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жылы өңірде атқарылыған жұмыстарды сараптауға арналған кеңейтілген аппараттық отырыс өтті.
Медицина • 21 Қаңтар, 2020
Отандық стартап аймақ медицинасына қандай өзгеріс әкелді?
SOS медициналық жүйесін Маңғыстауда алғашқы болып облыстық перинаталдық орталығы орнатқан болатын. Жобаның жетекшісі, қоғамдық денсаулық сақтау сарапшысы Нұртуған Мұмамедалиев ортанылғанына 1 жылдан асқан уақыт ішінде оның қандай пайда әкелгендігіне көз жеткізу үшін, Нұр-Сұлтан шаһарынан арнайы Ақтау қаласына келді. 2014 жылы қолға алынған отандық жобаға қолдау білдірген перинаталдық орталығының басшысы Жамал Жаманбаеваға алғысы шексіз екендігін жеткізді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.