Аймақтар • 21 Қаңтар, 2020

Маңғыстаулық полицейлер еріктілерді қызметке тартты

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған Жолдауында 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялауына орай, Ақтау қаласы Полиция басқармасының бастауымен Ақтау қаласы әкімдігімен және білім беру ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп меморандум жасалды. Сондай-ақ кең ауқымды кездесу өтті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстаулық полицейлер еріктілерді қызметке тартты

Кездесу мақсаты - Ақтау қаласы «Жастар» орталығының студенттерін «Еріктілер» қатарына тарту.
Меморандумда еріктілерді қоғамдық тәртіпті сақтауға, оны қамтамасыз етуге, құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықбұзушыларға салынған айыппұлдарды өндіру бағытында ескерту жұмыстарын ұйымдастыруға 50 ерікті-студенттер аймақтық учаскелік инспекторлармен бірге қызмет атқарды.

Сондай-ақ, 7 орта мектеп оқушыларынан құрылған Жол қозғалыс жас инспекторлары Ақтау қаласы бойынша жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесіп қызмет атқарды.

Студент жастар мен орта мектеп оқушылары аталған іс-шараға белсене қатысып, қызығушылықтарын көрсетті. Бұл іс-шара алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

 

 

Маңғыстау облысы

                          

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35