Президент • 18 Қаңтар, 2019
Мемлекет басшысы «Smart Aqkol» ахуалдық орталығына барды
Мемлекет басшысы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған «Smart city – Ақылды қала» заманауи технологияларды енгізу жөніндегі тың жобаның қорытындыларымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2019
Елбасы кітапханасының Ақтөбеде өткен көшпелі көрмесін 120 мыңнан аса адам тамашалады
Ақтөбеде Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесі сәтті өтті. Яғни бүгін облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғимаратында бірегей көрменің жабылуы болды. Оның небәрі үш ай ішіндегі жұмысын Ақтөбенің 120 мыңнан аса тұрғыны мен қонақтары тамашалады. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019
Атырауда қазақтың үш биіне ескерткіш орнатылды
Облыстық сот ғимаратының алдына қазақ билерінің ескерткіші орнатылды. Мерекелік шараға Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов, Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов және Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019
Әліпби де, еміле-ереже де сараптаудан өте түсуі керек - Әлімхан Жүнісбек
Латын әліпбиінің еміле-ережесін көпшілік асыға күтіп отыр еді. Тіптен асығыстық жасап мекеме маңдайшаларын латын таңбаларымен жазып үлгеріп те жатыр. Және оның бәрін үйреншікті кирилл емілесімен жазып жүр. Енді, міне, мақұлданған еміле қолға тиді, мұның өзі латын графикасын пайдалануды біршама ретке түсіретін болады.
Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019
Бұл мәселе көптен бері айтылып келе жатса да, әлі күнге дейін нақты шешімін таппай отыр.