Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019
Түркістанда мемлекет мұқтаждығы үшін 167 нысанды қайтару жұмыстары жүргізілуде
Түркістанда мемлекет қажеттілігі үшін үйлері сүрілгелі жатқан тұрғындар, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңайындағы жерлерге туристерге арналған кешен салғысы келген әкімдік нарықтан әлдеқайда төмен баға беріп жатқанын айтып, ақпарат құралдарына шағымданған болатын. Қаланың жақсы аумағы саналатын жерде тұратын 170-ке тарта шаңыраққа жергілікті әкімдік «жер учаскелері мемлекетке қажет» деген хабарлама жіберген. Ал олардың баспаналарын бағалауға жекеменшік компания нарықтан бірнеше есе төмен баға ұсыныпты.
Өнер • 18 Қаңтар, 2019
Әдебиет • 18 Қаңтар, 2019
Ұлттық Академиялық кітапханада «Депутат» энциклопедиясының тұсауы кесілді. Шараға Сауытбек Абдрахманов, Бақытжан Жұмағұлов, Ольга Шишигина сынды танымал тұлғалар мен сенат, мәжіліс, мәслихат депутаттары қатысты.
Таным • 18 Қаңтар, 2019
Жазушы Дәулет Сейсенұлының Астанадағы «Фолиант» баспасынан «Нартұлға» сериясы бойынша жарық көрген «Жәнібек Кәрменов» атты жаңа кітабы аты айтып тұрғандай ХХ ғасырдағы қазақ әншілік өнерінің қайталанбас хас таланттарының бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, республика жастар сыйлығының лауреаты Жәнібек Кәрменовтің әдеби портретін жасауға негізделген.
Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019
Шекарада тауар ағыны тексерілуде
Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен мемлекеттік шекарасындағы 37 автомобиль өткізу пунктіне мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізуге кірісті.