Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019

Түркістанда мемлекет мұқтаждығы үшін 167 нысанды қайтару жұмыстары жүргізілуде

418 реткөрсетілді

Түркістанда мемлекет қажеттілігі үшін үйлері сүрілгелі жатқан тұрғындар, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңайындағы жерлерге туристерге арналған кешен салғысы келген әкімдік нарықтан әлдеқайда төмен баға беріп жатқанын айтып, ақпарат құралдарына шағымданған болатын. Қаланың жақсы аумағы саналатын жерде тұратын 170-ке тарта шаңыраққа жергілікті әкімдік «жер учаскелері мемлекетке қажет» деген хабарлама жіберген. Ал олардың баспаналарын бағалауға жекеменшік компания нарықтан бірнеше есе төмен баға ұсыныпты.

Бағамен келіспеген тұрғындар наразылықтарын білдіріп, қала әкімдігіне барған. Наразы жұрттың алдына шыққан қала әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев тұрғындарға қысым көрсетілмегенін, бұзылатын үйлердің тұрғындары бір жарым ай ішінде баспанасын босатуы керектігін айтқан. Баға ұнамаса, жұрт өзіне бағалаушыны тауып алуға болатынын да ескертіпті. Ал осы мәселеге қатысты Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев құрылыс нысандарына қажетті жерлерді қайтару жұмыстары заң негізінде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда 98 гектар жерді алатын «Рухани-мәдени орталықта» қажетті жерді дайындау мақсатында мемлекеттің мұқтаждығы үшін 167 нысанды (13 кәсіпкерлік, 154 тұрғын үй) қайтару жұмыстары жүргізілуде.

«Аталған 167 нысанға акт толтырылып, суретке түсірілген. Бүгінгі таңға 161 нысанның бағалау жұмыстары толық аяқталды. Сондай-ақ, бұл жұмыстарды мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес, конкурстың нәтижесінде нысандарды бағалау жұмыстарын «Экспо оценка» ЖШС-і жүргізді. Бағалау жұмыстары біткен 161 нысанның бүгінгі таңда 91 меншік иесінің келісімі алынған. Келісім алынған нысан иелерінің құжаттары толығымен аяқталып, бүгінде тұрғын үй нысандарын бұзу жұмыстары басталып кетті. Олардың бүгінде 13-і бұзылып жатыр. Ал келісімге келмеген 40 нысанның құжаты заңға сәйкес сотқа жолданды. Отызға жуық азаматпен келісім жұмыстары жүргізілуде», - деді Әліпбек Өсербаев. Сондай-ақ, «Әкімшілік-іскерлік орталыққа» түсетін 672 гектарды құрайтын жер аумағының бүгінгі таңға заң талаптарына сәйкес, 470 гектары қайтарылған.

Берілген бағамен келіспеген нысан иелері өз тараптарынан кез келген лицензиялы мекемеге бағалау жасата алады. Екі тараптың бағалау нәтиежелері сотқа жолданып, заң талаптарына сәйкес шешіледі. Одан бөлек, келіспеген тұрғындармен арнайы өтініштері бойынша жұмыс жүргізу үшін өткен жылы желтоқсанда қала әкімінің өкімімен қомиссия құрылған. Құрамында мемлекеттік қызметкерлер және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары мен мүшелері, депутаттар бар 29 адамнан құралған комиссия жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ брифингте қала әкімі заңға сәйкес мемлекеттің мұқтажы үшін жер қайтару және бағалау шараларына келіспеген тұрғындармен бірнеше рет түсіндірме жұмысы жүргізілгенін айтып өтті.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Ауыр атлеттер Катарға аттанады

Ауыр атлетика • Бүгін, 12:08

Жақсы ауданындағы жақсы істер

Аймақтар • Бүгін, 11:49

Көпбалалыларға көмек

Аймақтар • Бүгін, 11:41

Күлкі керуені № 22

Руханият • Бүгін, 09:45

Фариза ақынның ұстазы

Руханият • Бүгін, 07:41

Армениямен ынтымақтастық дамиды

Парламент • Бүгін, 07:37

Жастар сыйлығы тапсырылды

Қоғам • Бүгін, 07:33

Әлдибастау әулиесі

Руханият • Бүгін, 07:23

Тәу етер жалғыз киеміз

Қоғам • Бүгін, 07:18

Көзін тапқанға кәсіп көп

Қоғам • Бүгін, 07:13

Темір жолды жағалап топ бала жүр

Аймақтар • Бүгін, 07:08

Бірқатар кездесу өткізді

Президент • Бүгін, 07:04

Ұқсас жаңалықтар