Коронавирус • 20 Қаңтар, 2023
Бір тәулікте 74 адам коронавирус жұқтырды
Өткен тәулікте 74 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 20 Қаңтар, 2023
20 қаңтарға арналған валюта бағамы
Ұлттық банк 20 қаңтарға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 20 Қаңтар, 2023
Цифрлық майнинг қызметі реттеледі
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар цифрлық активтер мен майнинг туралы бірқатар заң жобасын қарады және өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2023
Қазақстан-2022: реформалар векторы және қоғам жаңғыруының қисыны
«Жыл сөзін» әртүрлі елдердің, академиялық немесе қоғамдық институттардың анықтауы әлемде бұрыннан дәстүрге айналған. Әдетте, жылдың басты «вайбын» сипаттау үшін қандай да бір ұғым немесе термин таңдалады. Осы тәжірибені елімізде қолдансақ, 2022 жылға жеке сөзді емес, «Әділетті Қазақстан» деген тіркесті таңдаған жөн болар еді.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2023
Ақтарылған аңдатпа «Ақбас Алатауды дүбірлете шыққан Шыңғыс шығармалары әлемді елең еткізді. Асқақ ән аспанға атылып, тәтті жыр жер бетін ұйыта қалды. Мөлдір махаббат, ақтілек ана, қиыспас достық, тәтті татулық, терең толғау – бәрі-бәрі орын тапқан оның туындысынан. Қай дастанын оқи бастасаң да жылылық құшағына кіресің. Қызыға бересің, оқи түсесің, аяғына бір-ақ шыққаныңды өзің де білмей қаласың. Өмірге үңіліп, тұңғиық түбінен маржан іле білген, жетеліге аталы сөз жеткізген зергердің құдіреті осылай болмақ! Шыңғыс толғауын бұл күнде – шұғылалы Шығыс та, менмен Батыс та оқиды. Зар-зәбір естіген ащыға аһ ұрып күрсінсе, арманға жеткен адамдар қуана түседі. Осылай отырған оқушы Айтматовтың жақсылардың жақсысы, жүректілердің жүректісі екенін сезінеді. Авторға мың сан алғысын жолдайды. Міне құрмет, міне бақыт! Ал қазақ оқырманы, кезек саған да тиді. Мынау сол асыл дүние. Ал да оқы! Қызыққа бат! Өс. Өрле. Қанаттан. Өзгелерге де айт, құр қалмасын. Асықсын, сусындасын. Бұл сенің бауырыңның – телқозының асыл шығармасы. Оған Әуезов өзінің аталы сөзін арнаған, әлемге паш еткен. Өнерлі перзент деп масаттана мақтанған. Оның шығармасы сол ұлы Әуезовтің шығармаларымен қатар әр қазақ оқырманының төрінде тұруға лайық».