Фармацевтика • 17 Қаңтар, 2025
Дәрі өндірісінің дәрежесі артты
Өңірдегі «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС – сұйық және қатты дәрілік заттар, жақпа май, түрлі ерітінді, медициналық бетперде шығарумен айналысатын фармацевтика саласында өзіндік орны бар зауыт. 2012 жылы «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының қаржылық қолдауын алып, ашылды. Сол кезде небәрі 3 түрлі дәрі шығарса, қазір нарыққа 59 түрлі дәрі-дәрмек ұсынып отыр.
Сенат • 17 Қаңтар, 2025
Толыққанды инклюзивті орта қалыптастыру қажет
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтату және лауазымынан босату мәселесін қарады. Сондай-ақ депутаттар көру қабілеті бұзылған азаматтардың ақпарат алуын қолжетімді ететін құжатты ратификациялады. Отырыста өзге де мәселеге қатысты депутаттық сауал жолданды.
Медицина • 17 Қаңтар, 2025
Медицина саласы: мақсат пен меже
Денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы жылдан-жылға көбейетін – табиғи үдеріс. МӘМС жүйесі енгізілгелі бері оның көлемі еселеп артты. Медициналық қызмет, жоғары технологиялық операциялар бұрынғыдан қолжетімді бола бастады. Дегенмен Президент Қ.Тоқаев Жолдауда атап өткендей, былтыр денсаулық сақтау саласына бюджеттен қаралған 3,3 трлн теңге қаржының нәтижесі соншалықты көрінбеді. Сол тұрғыда биыл кем-кетіктің орнын толтыратын шешімдер қабылдана ма?
Еңбек • 17 Қаңтар, 2025
Адал еңбек әділ бағалануға тиіс
Президент Жолдауында айтылған тапсырмаға орай биыл Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде бірқатар ауқымды іс-шара жүзеге асырылмақшы. Елдің еңбек нарығының негізі саналатын жұмысшы мамандықтарын жандандыру қашанда маңызды. Жұмыс істейтін азаматтардың жартысынан көбінің (52%) кәсіптік, техникалық білімі бар. 2 мыңнан аса жұмысшы мамандығын игерген 2,3 миллион адам еңбек етеді.
Құрылыс • 17 Қаңтар, 2025
Инновациядан көшбасшылыққа: Қазақстандағы құрылыс қызметтері нарығы қалай өзгеруде
Бүгінде құрылыс қызметтері нарығы тұтынушылық сұраныстың артуына байланысты айтарлықтай қаныққан. Өткен жылдың қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы отандық тауар өндірушілердің үлесі 68 пайызды құраса, импорттық тауарлардың үлесі бар-жоғы 32 пайыз болды.