Аймақтар • 17 Қаңтар, 2025
Мемлекет қаржысы майшелпек емес
Балаларға қосымша спорттық, шығармашылық білім беріп, олардың қарым-қабілетін ұштау мақсатында қолға алынған «Артспорт» бағдарламасының айналасындағы әңгіме таусылар емес. Былтыр Қызылорда облысында түрлі айламен мемлекет қаржысын қалтаға басқандардың қулығы әшкереленіп, біраз кәсіпкер алғанын қайтарып, жұмысын тоқтатқандары да болып еді. Бүгінде облыс прокурорының өкімімен құқық қорғау, жергілікті атқарушы, уәкілетті органдардың өкілдерінен құрылған жұмыс тобы бұл мәселені жіті қадағалап отыр.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2025
Бұралқы иттер туралы қоғамдағы пікір екіге жарылып тұр. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға байланысты әрқилы көзқарас болғанымен, қисынға келетін пікірлер айтылғанымен, өзгеріс енгізілер емес.
Алматы • 17 Қаңтар, 2025
Суқараңғылық емделеді: Алматыда қазақ-неміс глаукома орталығы ашылды
Алматыдағы Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында қазақ-неміс глаукома орталығы салтанатты түрде ашылды. Жаңа орталықтың дүниеге келуі – адамның көру қабілетін білдірмей, біртіндеп ұрлайтын әрі бірінші кезекте соқырлыққа бастайтын суқараңғы кеселін емдеудегі халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды белесі.
Руханият • 17 Қаңтар, 2025
Алғаш қолға қалам ұстап, жорналшы болуға қамданып жүрген 90-жылдары көпті көрген көнекөз бір қаламгер ұстазым «шығарма жазу үшін кейіпкеріңді дұрыс таңда. Кейіпкерің күшті болса, туынды жақсы жазылады», деген еді. Онымен қоймай қаламгер көкем «Абай жолы» эпопеясының күштілігі оның кейіпкері – ұлы Абай», деген-тін. Бұл пайым әрбір кез көкейімде жаңғырып тұрды.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2025
Сәбидің жетілуіне сеп болатын құрылғылар
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығы соңғы үлгідегі, жоғары сапалы медициналық құрылғылармен – гипотермия аппараты, өкпені жасанды желдету құрылғысы, жаңа туған нәрестелерге арналған инкубатормен толықты.