Таным • 17 Қаңтар, 2025
Араб жиһанкезінің түріктер туралы айтқандары
Ахмад ибн Фадлан әл-Бағдади – Х ғасырда өмір сүрген араб ойшылы әрі жиһанкезі. Оның «Түрік, хазар, орыс, бұлғар елдерін сипаттайтын ибн Фадлан жазбасы» деген әйгілі шығармасы бар. Бұл еңбекте Аббасидтер халифатының Бұлғарияға елшілік жіберуі, оны бастап барған ибн Фадланның Орта Азия мен қазіргі Ресей жеріндегі халықтардың тұрмыс-тіршілігі жөнінде жинаған құнды деректері келтірілген. Тарихи құжат тұрғысынан өте шынайы әрі маңызды дереккөз болғандықтан, қаншама ғасыр өтсе де тарихшылар әлі күнге шейін ибн Фадлан еңбегіне сүйенеді. Араб жиһанкезі викингтердің өмір салты туралы да керемет жазбалар қалдырған.
Сұхбат • 17 Қаңтар, 2025
Креативті индустрияға жаңа мамандар қажет
Былтыр еліміз әлемдік «Global Innovation Index-2024» рейтингінің «Креативті тауарлар мен қызметтер» көрсеткішінде 93-орыннан 65-орынға көтерілді. Демек 2024 жыл Қазақстанның креативті нарықтағы табысты кезеңі деуге болады. Осы орайда «Ait Gallery» атты галереяның жетекшісі Кенжебек Айтқожинмен аз-кем әңгімелестік. Шығармашыл жастан экономиканың перспективалы саласындағы биылғы жаңашылдықтар мен жастарға ұсынылған мүмкіндіктерді сұрап білдік.
Театр • 17 Қаңтар, 2025
Драматургияда тарихи тақырып игерілмеген алқап сияқты, зерттеулер, зерделенер тұстары мол. Соның бірі – Қасым хан бейнесі. Алайда тарихта «Қасым ханның қасқа жолы» атағымен мәлім қазақтың алысты болжаған біртуар хандарының бірі туралы тарихи драма жазуға күні бүгінге дейін көп қаламгердің батылы бармай келе жатқаны және рас. Кинорежиссер Ақан Сатаевтың фильміне арқау болғаны болмаса, жалпы тұлға туралы тұшымды дүние өзінің жұлдызды сәтін күткеніне де көп болған. Осы олқылықтың орнын Махамбет атындағы Атырау облыстық академиялық драма театрында тұсауы кесілген Асылбек Ихсанның «Қасым хан» тарихи драмасы толтырғандай болды.
Таным • 17 Қаңтар, 2025
Жоғалған рух. Қазақ қалай аман қалды?
1934 жылы Ныю-Йорк қаласында жарық көрген «Біздің қарапайым замандастарымыз» атты зерттеу еңбегін қолға алғанымда, тосырқап қалғаным рас. Өйткені АҚШ-тың Йелл университетінің антропологі Джордж Мердок бұл кітабында тасмандықтар, Жапонияның солтүстігіндегі айнустар, Мексикадағы ацтектер, Перудегі инкастар, Угандадағы гандалар, Полиярдағы эскимостар сияқты тарих сахнасынан жойылып бара жатқан халықтардың тарихы мен мәдениеті, қоғамдық дәстүрі туралы сөз қозғайды. Ал осылардың қатарына неге екенін қайдам Орталық Азиядан тек қазақты қосады. АҚШ ғалымы бұл зерттеуі арқылы не айтпақ? Нені меңземек деген сансыз ойдың жетегімен оның кітабын оқып шықтым.
Талбесік • 17 Қаңтар, 2025
«Алып қара құстың адамзатқа қандай пайдасы бар, ол бізге не үшін қажет?» дерсіз. Алайда ол елдегі экожүйені, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға қажет. Кез келген биологиялық түр табиғи тепе-теңдіктің тірегі. Бұл ретте тазқара құсының орны ерекше екенін ұмытпауға тиіспіз.