Тәрбие • 18 Қаңтар, 2019
Қасымхан Алдабергеновтің ғибратты ғұмыры
Бұл кісінің ғұмыры тұтас бір дәуірдің шежіресіндей. Қасымхан Алдабергенов есімі қасиетті қара сөздің қайнарын қанып ішкен кез келген қазақ үшін жақсы таныс. Саналы ғұмырын сахнаға арнап, ұлт руханиятына өшпес із қалдырған жанның әсерлі әңгімесі де өмірлік өнегесімен құнды.
Юлия Галышева әлем кубогінің іріктеу кезеңінде көш бастап келеді
Фристайл-могулдан Лейк-Плэсидте өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Юлия Галышева топ басында келеді деп жазады Olympic.kz.
Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019
Дене бітімі құрыштан құйылған мүсіндей, қос жанары көк аспандағы жарық жұлдыздай жалт-жұлт етіп нұр шашып тұрған, қимылы шалт, жүрісі-тұрысы өте ширақ осынау сыптығырдай жігітті мен аттай қырық жыл бұрын бауырмал қырғыз елінің інжу-маржаны – Ыстықкөл жағасында көрген екенмін. Жөн сұрасып, шүйіркелесіп бірден танысып кеттік. Әлгі жігіттің кісілігі мен кішілігі бірден өзіне баурап алды. Бойына ойы сай, келбетіне кемелдігі үйлескен азамат сияқты көрінді. Ол сол кездегі Алматы Жоғары партия мектебінің әскери кафедрасының бастығы полковник Ким Серікбайұлы Серікбаев еді.
Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019
Қостанайда екі жылда жаңа тұрғын ауданда 30 көп қабатты тұрғын үй салынады
Жалпы облыста өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде барлық қаржы көздері есебінен 299,3 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, оның ішінде аренделық тұрғын үйдің көлемі 35 мың шаршы метр болды. Барлық салынған тұрғын үй көлемі 2017 жылға қарағанда 13 процентке көп. Биыл 2,6 миллиард теңгеге 6 арендалық тұрғын үй салынады Бұл қаржы өткен жылға қарағанда бір миллиард теңгеге көп.
Әлем • 18 Қаңтар, 2019
Қазіргі күні мемлекет тарапынан экстремизм мен терроризмге қарсы күрес кешенді жүргізіліп жатқаны белгілі. Оның ішінде, жастардың жат ағымдардың жетегінде кетуінің құқықтық, ақпараттық, діни, әлеуметтік-экономикалық себептері екшеліп, нақты іс-қимылдар қолға алынған. Сонымен қатар еліміздің құқық қорғау органдары лаңкестік қаупінің алдын алуда да үлкен іс-шараларды жүзеге асыруда. Соңғы екі-үш жылдың өзінде осындай бірнеше әрекеттің жолы кесілді. Жуырда ғана Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген арнайы операция нәтижесінде террорлық акті жасауға дайындалған деген күдікпен шетел азаматтарынан құралған топ мүшелері ұсталды.