18 Қаңтар, 2019

Юлия Галышева әлем кубогінің іріктеу кезеңінде көш бастап келеді

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Фристайл-могулдан Лейк-Плэсидте өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Юлия Галышева топ басында келеді деп жазады Olympic.kz. 

Юлия Галышева әлем кубогінің іріктеу кезеңінде көш бастап келеді

Галышева 75.24 ұпаймен бірінші орында. Олимпиада чемпионы, франциялық Перрин Лафон екінші (75.22), австралиялық Джакара Энтони  (74.21)үшінші сатыда. 

Өкінішке қарай, Аяулым Әміренова 35-ші орын иеленіп, іріктеуден өткен жоқ.

Ерлер арасында Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд финалдық кезеңге қатысу мүмкіндігін иеленді. 

Финалдық бәсеке 18 қаңтар күні өтетінін еске саламыз.