Сурет: primeminister.kz
Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастыққа, сондай-ақ энергетика мен өнеркәсіп салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады. Инвестициялық әріптестікті кеңейту мүмкіндігі, соның ішінде кореялық компаниялардың мұнай-газ жобаларына, тау-кен, металлургия өнеркәсібіне, сондай-ақ ядролық энергетиканы дамытуға қатысуы қарастырылды. Сонымен қатар Үкіметаралық комиссияның келесі отырысына дайындық мәселелері де сөз болды.
Кездесу қорытындысында стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға, бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға өзара міндеттеме расталды.