Кездесу барысында Қазақстан-Моңғол ынтымақтастығының парламенттік байланыс жөніндегі аралық қорытындылары шығарылды. Кейінгі жылдары екі ел арасындағы өзара іс-қимыл жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді. Тараптар парламентаралық дипломатияның қарқын ала түскенін айта келіп, саяси диалогтің нығайғанына және жоғары деңгейдегі байланыстардың тұрақты сипатына назар аударды.
Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ екі елдің парламенттері арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылы туралы да айтылды. Қатысушылар бірлескен бірқатар іс-шараның табысты іске асып келе жатқанына тоқталды, халықаралық және көпжақты алаңдар аясындағы тиімді ынтымақтастық туралы әңгіме өрбітті.
Елші өзінің дипломатиялық миссиясы кезеңінде көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы достық қарым-қатынас деңгейіне жоғары баға берді.