Қазақстан • 10 Қаңтар, 2018
Қазақстандық жастар АҚШ-тағы Кремний алқабына аттанады
«Шынына келсек, көктемде Кремний жазықтығына аттанатын қазақстандықтардың біреуі – корей баласы. Ал қазақ балаларының ақпараттық технологияларға ерекше бейімділігі бұрыннан да айтылып жүрсе, ол негізсіз емес. Қаңтар айының басында елімізде «АҚШ-тың ІТ-стартаптарында өтіл жинау» байқауы қорытындыланды.
Тарих • 10 Қаңтар, 2018
Ағайынды Сәрсеновтер: бір әулеттің тағдыр-талайы
Газетімізде әдебиетші, сыншы Құлбек Ергөбектің «Әуезов ғашық болған Ғайыпжамал» атты мақаласы (№82, 2017 жыл, 28 сәуір) шыққаннан кейін көп уақыт өтпей Семейден бір кісі хабарласып, «Әміртай Жанахметов» деп таныстырды. Бұл кісі әйгілі қаламгерді өзіне тәнті еткен қазақ қызының өмірлік серігі болған Дәлел Сәрсеновтің туған ағасы Жанахметтің немересі болып шықты.
Ой жүгіртіп, көңіл көзін кеңірек ашып қарасаңыз, бұл дүниеде уақыттан құдіретті не бар?!
Қазақстан • 10 Қаңтар, 2018
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Ұлықпан СЫДЫҚОВТЫҢ есімі Қазақ еліне жақсы таныс. Ол еліміздің жоғары мектебінің кемелденуіне, жоғары техникалық білім жүйесінің заман талабына сай өркендеуіне білімпаздығымен, іскерлігімен және шебер ұйымдастырушылық қабілетімен үлес қосып келе жатқан азамат. Қоғам өміріне де белсене араласып, әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің іргетасын қалаушылардың қатарында болды. Қазақ эстрадасының алтын қорына енген «Той жыры», «Қуанышым менің», «Бойжеткен», «Әсем жұлдыз», «Ғашықпын» сияқты талай әндердің сөзін жазған сыршыл ақын.
«HeadHunter» компаниясы Ресейдің еңбек нарығының қозғалысына зерттеулер жүргізе келе таяудағы жылдары осы нарықта қажеттілігі артатын 15 кәсіп түрін атаған.