Руханият • 20 Қаңтар, 2020
Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көргенінен жұртшылық жаппай хабардар деп ойлаймын. Президент мақаласында Абай әлемін бүгінгі күнмен, мемлекет құрылысымен, ел дамуымен байланыстыра отырып кеңінен талдау жасады. Бұл баршамызға Абай мұрасына жаңаша қарау керектігін аңғартты. Қасым-Жомарт Кемелұлы алғаш айналымға түсіп отырған «парасатты патриотизм» ұғымының басты шартын да осы мақаласында көрсетті. Оны «Біз енді ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтын қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты» деген тұжырымнан анық байқаймыз..
Қазақстан • 20 Қаңтар, 2020
Қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
Елордада Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында айтылған тапсырмаларды ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды.
Медицина • 20 Қаңтар, 2020
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру салаға соны серпін беруі тиіс
Жақында Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Кереку өңіріне жұмыс сапарымен келгенде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу барысында Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі көбейетінін, қаржыландырудан тапшылық болмайтынын айтқан-ды. Үш жыл ішінде денсаулық сақтау саласына жұмсалатын қаржы 2,5-3 трлн теңгеге дейін артуы тиіс деген болатын вице-премьер. МӘМС енгізілгеннен кейін өңірдегі денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі 1,5 есеге өседі деп жоспарлануда.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2020
Заңсыз сатылған ішімдіктің залалы: Алматыда былтыр 6 мыңнан астам адам арақтан уланған
Айналадағы келеңсіздіктердің, тіпті қасіретті оқиғалардың көпшілігі алкогольді ішімдіктердің кесірінен болып жатқанын ешкім жоққа шығара алмайды. Соңғы уақытта қоғамда біраз пікірталас тудырған арақ бөтелкелерін сындыру акциясы, ішіп алып көлік жүргізгендерді он жыл бас бостандығынан айыру шешімі, мас күйінде адам қағу, бала зорлау, әйелдерге қол көтеру, төбелес шығару, өзіне өзі қол жұмсау оқиғаларының басым бөлігі маскүнемдікке барып тіреледі.
Медицина • 20 Қаңтар, 2020
Жекеменшік емхана жүйесінің дамуына не кедергі?
Қазақстанның бас шаһарында шамамен 100 мыңнан аса адам бастапқы медициналық-санитарлық көмекке зәру. Себебі алғашқы медициналық қызметті көрсететін емханалардың көбі тұрғын жайлардан шалғай орналасқан. Демографтардың болжамынша жыл сайын елордадағы халықтың саны 60 мыңға көбейіп келеді. Осыдан-ақ аталған проблеманы шешу маңызды міндеттердің қатарында екенін аңғару қиын емес. Яғни, жекеменшік медицинаны дамыту кезек күттірмейді.