Қоғам • 16 Қаңтар, 2024
Әріптесім сізді телефонға шақырады деді. Ар жағынан бір кейуананың дауысы естілді. – Азамат деген сенсің бе?– Иә, мен.–Айналайын, мен жасым тоқсанға келген Қазиза Наурызбаева деген әжең боламын. Сенің «Аманаттың жүгі ауыр» атты сұхбатыңды оқып, 6 жасымда соғысқа кеткен әкемді ойлап, көзімнің жасын бір сығып алдым. Әкем сол кеткеннен оралмады. Әлі күнге дейін бір дерек жоқ. Енді осы материалды оқып, «өшкенім жанып, өлгенім тірілгендей» деп қуандым.
Таным • 16 Қаңтар, 2024
ХХ ғасыр басындағы ұлт қайраткерлері мен зиялылары – шын мәнісінде халық қызметшілері. Осынау көсемдер шоғыры ішіндегі Сәкен Сейфуллин құбылысы – «Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік!», «Кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу керек!» деген дауылпаз дауысты ұлт патриоты, мемлекет қайраткері. Оның таңғажайып тұлғасында көшбасшылық, отаншылдық, ақындық, композиторлық, өнерпаздық, ұстаздық, шешендік, ғалымдық қабілет жарасым тапқан.
Кино • 16 Қаңтар, 2024
«Дәстүр» фильмі үлкен экранға жол тартқан күннен бастап туынды төңірегінде өрбіген түрлі пікір де толастар емес. Біреу мақтаса, екіншісі даттап әлек. Әрине, бір фильмге қатысты түрлі көзқарастың болатыны заңдылық десек те, дүмпуі басылмай тұрған «Дәстүрдің» жөні бір бөлек. Жанрынан бастап мазмұнына дейін мың түрлі ой салған картина шын мәнінде жаңалық жаршысы ма, әлде жауыздықтың жалаулатушысы ма? Көрермен пікірін екіге жарған фильмнің астарына бойлап көрсек.
Сұхбат • 16 Қаңтар, 2024
Академик Ғарифолла Есімнің «Мұң» романында автордың пәлсапалық ой-толғамдары мен эсселері жинақталған. Мұң дегеніміз не? Адам неліктен мұңаяды? Мұңсыз ғұмырдың мәні бар ма? Осы сұрақтарға жауап алу мақсатында автормен әңгімелескен едік.
Руханият • 16 Қаңтар, 2024
Өз кезінде тәп-тәуір бағаланса да, уақыт оза келе, көзден кеткеннен кейін де көңілден кетіп, аса еленбей қалған жазушылардың бірі – Зейнел-Ғаби Иманбаев. Бұл қаламгердің шығармаларын мектепте жүргенде, яғни өткен ғасырдың 60-70 жылдары қызыға оқыған балалардың қатарынан өзім де табылатын едім. Ол кісінің әр алуан тақырыпқа жазған шығармалары сол замандағы жас оқырмандарды бір шуақты әсерлерге жетелейтін.