Қоғам • 16 Қаңтар, 2024
Республикалық олимпиадаға қанша оқушының өткені белгілі болды
Ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі басталды. Оған олимпиаданың екінші кезеңінен өткен еліміздің әр өңірінен 1 088 оқушы қатысып жатыр. Республикалық кезең жаратылыстану-математикалық бағыттың 6 пәні бойынша (14-18 қаңтар аралығында) және қоғамдық-гуманитарлық бағыттың 7 пәні бойынша (21-25 қаңтар аралығында) дәстүрлі форматта екі турдан өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2024
Қызылорда әкімдігінің басқарма басшылары жауапкершілікке тартылды
Қызылорда облысы әкімдігіне қарасты екі басқарманың лауазымды тұлғалары «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 16 Қаңтар, 2024
Елімізде төрт түлік иелеріне жаңа тыйым енгізілді
Ішкі істер министрлігі елімізде төрт түлік иелеріне малды бақылаусыз бағуға тыйым салды. Құзырлы орган жаңа шектеу мал ұрлығын тыю мақсатында енгізілгенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2024
Ыстанбұлда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бойынша кездесу өтті
Түркияның Ыстанбұл қаласындағы дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының кеңсесінде еліміздің туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев пен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөніндегі Дирекция жетекшісі Наиль Нұров Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоғанмен кездесіп, ұйымдастыру жұмыстарына қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 16 Қаңтар, 2024
Еліміздің бірқатар өңірінде бұрқасын күтіледі
Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қар жауып, бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.