Қоғам • 16 Қаңтар, 2024

Қызылорда әкімдігінің басқарма басшылары жауапкершілікке тартылды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы әкімдігіне қарасты екі басқарманың лауазымды тұлғалары «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылорда әкімдігінің басқарма басшылары жауапкершілікке тартылды

Фото: pexels.com

Облыс прокуратурасы мал жаюға арналған жайылымдардың жетіспеушілігіне талдау жасап, нәтижесінде мал санының статистикасын қалыптастыру барысында бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады.

«Аталған дерек бойынша прокуратура облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына ұсыну енгізді. Дегенмен осы басқарманың басшысымен қадағалау актісіне уақтылы жауап берілмегендіктен, ол сотпен ҚР ӘҚБтК-нің 664-бабымен әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада. 

Өзге жағдайда Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Табиғат қорғау прокуратурасының тексеруге қажетті құжаттарды ұсыну туралы талабына немқұрайды қарап, прокурордың заңды талабын орындамаған.

Аталған әрекет үшін басшысы сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 665-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 172 мың теңге айыппұл салынды.