Оқиға • 20 Қаңтар, 2026
Криптовалютадан пайда таппақ болған азамат 1 млн теңгесінен айырылды
Мұғалжар ауданының 41 жастағы тұрғыны онлайн ойын барысында белгісіз тұлғамен WhatsApp мессенджері арқылы хат алысып танысады. Өзін «SSE CIS» компаниясының өкілі ретінде таныстырған алаяқ криптовалютаға инвестиция салуды ұсынып, бірнеше күннен соң жоғары табыс түсетініне сендірген. Көп ойланбастан жәбірленуші олар көрсеткен есепшотқа 1 миллион теңге аударып жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Қаңтар, 2026
Астанада кинодан кейін көрермен ерекше экоакция ұйымдастырды
Астана қаласындағы кинотеатрлардың бірінде фильм көрсетілімі аяқталған соң көрермендер залда қалған қоқысты өздері жинап, қоғамдық мәдениеттің жарқын үлгісін көрсетті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
200-ден астам ұсыныс: Құрылтайдың секциялық отырыстарында не талқыланды?
Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысының алғашқы күнінде құрылтай мүшелері тарапынан 200-ден астам ұсыныс айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылтай • 20 Қаңтар, 2026
Мемлекеттік кеңесші: Бурабайдағы құрылтайдан кейін 6 заң қабылданып, 10 заң бойынша жұмыс басталды
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды. Құрылтай отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Бурабайдағы құрылтайдың нәтижесінде 6 заң қабылданып, 10 заң жұмысқа алынғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Қазақстанда әйелдерге арналған вагондар қай бағыттарда қатынайды?
Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында әйелдерге арналған вагондар қызметі іске қосылғаннан бері оны 822 мыңнан астам әйел жолаушы пайдаланған, деп жазады Egemen.kz.