Фото: Астана әкімдігі
Залдан шығу кезінде келушілер бос сусын стақандарын, попкорн қаптамаларын және өзге де тұрмыстық қалдықтарды арнайы контейнерлерге тастап шыққан. Соның нәтижесінде сеанс аяқталғаннан кейін кино залы таза күйінде қалған.
Жамбыл облысында экоакциялар жалғасын тапты
«Егер таза қалада өмір сүргің келсе, ең алдымен өзіңнен, тіпті осындай ұсақ-түйектен бастау керек», деді көрермендердің бірі.
Мұндай әрекет қоғамдық орындарға ұқыпты қараудың, сондай-ақ кинотеатр қызметкерлерінің еңбегіне деген құрметтің нақты көрінісіне айналды. Осындай қарапайым, бірақ саналы қадамдар жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастырып, қаланың тазалығы әр тұрғынның өзінен басталатынын аңғартады.
Жаңаөзенде 2000-ға жуық тұрғын жалпықалалық экоакцияға шықты