Білім • 08 Қаңтар, 2018
Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті ел ретінде халықаралық білім кеңістігіне енді деуге негіз бар. Қоғамның рухани жаңғыруы, алдыңғы қатарлы өркениетті елдер секілді үштілді білім беруге көшу біздің Отанымызда да жүйелі жүргізіліп келеді. Бұл жұмыс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапа-тармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпейтіндей», деп қадап айтқаны және бар.
Таным • 08 Қаңтар, 2018
Соңғы кезде кітап оқитындар азайып кетті деген пікір жиі айтылады. Оқырман азайған жоқ. Себебі бүгінгі оқырман сандық көрсеткіштен гөрі, нақты сапалық деңгейге өтіп жатыр. Оны кітапханалар мен кітап дүкендеріне деген сұраныстың артуынан байқауға болады.
Алакөлдің жағасындағы Қабанбай ауылында жақында ел есінде қалатындай, жүректерге қуаныш сыйлаған елеулі оқиға болды. Осы ауылдың өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан жалғызбасты Гүлбарам Құрманова деген 74 жастағы ана 70 жылдан бері әбден тозығы жеткен шағын бір бөлмелі үйде тұрып келсе де, алақан жайып, ешкімнен көмек сұрамады, барын қанағат тұтып тіршілік жасап келді.
Қазақстан • 08 Қаңтар, 2018
Қазақстан • 08 Қаңтар, 2018
Тарихи ұзақ мерзімді артқа тастап, түрлі жазуларда там-тұмдап хатқа түскен әрі мыңнан бірі ғана күні бүгінге жеткен баға жетпес жәдігерлер – сирек қолжазбалар мен басылымдардың түпнұсқалары М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Орталық және Ұлттық кітапханалардың сирек қорларында жинақталған. Десек те, ел тарихының түп-төркінінен хабар беретін осынау құнды мұраларымыздың жариялануы мен зерттелуі әлі күнге кенже қалып келеді.