Аймақтар • 15 Қаңтар, 2024
Шығыста бірнеше ауыл қар құрсауында қалды
Толассыз жауған қардың салдарынан Марқакөл ауданындағы бірқатар ауыл тұрғындары аттап баса алмай қалған.
Қаржы • 15 Қаңтар, 2024
Шетел валютасына сұраныс төмендеді
Ел тұрғындары арасында доллар мен еуроны таза сату былтырмен салыстырғанда төмендеген. 2023 жылдың қаңтар-қарашасында доллардың таза сатылымы 1,55 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға аз. Еуро көрсеткіші бір жылда 27,7 пайызға, 201,96 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2024
«Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасы басталды
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасы аясында оқыту басталды. Оған елордалық жоғары оқу орындарының 3 және 4 курс студенттері қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2024
Елімізде мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалтуға арналған қанатқақты жоба іске қосылды. Енді мүмкіндігі төмен баласы бар ата-аналар оңалту орталықтарына бармай-ақ мамандардың көмегімен өзі де оңалту шараларын істей алады.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2024
ҰБТ-ның неше күнге жалғасатыны белгілі болды
Биылғы жылдың қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды, ол 10 ақпанға дейін жалғасады. 136 мың адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Олардың 76,3%-ы қазақ тілінде, 23,6%-ы орыс тілінде, 126 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.