Қоғам • 15 Қаңтар, 2024

Оңалту жобасы

100 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалтуға арналған қанатқақты жоба іске қосылды. Енді мүмкіндігі төмен баласы бар ата-аналар оңалту орталық­тарына бармай-ақ мамандардың көмегімен өзі де оңалту шараларын істей алады.

Оңалту жобасы

ФОТО:abai.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Әлеуметтік қорғау саласын дамы­тудың ұлттық ғылыми орталығы және «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры елі­міздің 4 өңірінде «Үй жағдайында мүге­дек­тігі бар балаларды QH оңалту» жобасын іске қосу туралы меморандумға қол қойды.

Бұл жоба жүйке жүйесінің аурулары мен тірек-қимыл аппаратының бұзылулары бар балалар санының динамикалық өсуі тұр­ғысынан өзекті болып отыр. Жоба мүге­дек­тігі бар балалардың өмір сүру сапасын жақ­сар­туға, сондай-ақ олардың оңалту әлеуе­тін арттыруға бағытталған.

«Қанатқақты жоба әзірге Абай, Қызыл­орда, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласы қатарлы 4 өңірді қамтиды. Оны жер­гілікті Әлеуметтік қорғау саласын дамы­­ту­дың ұлттық ғылыми орталығының филиал­дары жүргізеді. Жобаның 1-кезеңі шеңберінде 4 филиалда оңалтудың техника­лық құралда­рын (ОТҚ) іріктеу үшін бөлім­шелер ашылды. Онда құралдарды пайдалану, сондай-ақ мүгедектігі бар балалар мен олардың заңды өкілдері үшін қауіпсіздік техникасы бойынша оқыту жүргізіледі», делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Екінші кезеңде филиалдардың көпсалалы командалары мүгедектігі бар балалардың функционалдық жай-күйі бақылайды, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік көрсе­тілімдер мен қарсы көрсетілімдер негізінде оңалтудың техникалық құралдарын ұсына­ды. Оқытудан кейін ұсынылған ОТҚ әр баланың жағдайына байланысты белгілен­ген курс кезеңінде үйде оңалту жүргізу үшін балаларға өтеусіз жалға беріледі. Жобаны іске асыру мүгедектігі бар балалардың қоғам өміріне еркін араласуына мүмкіндік береді және оларға кедергісіз орта қалыптастырады.