Таным • 08 Қаңтар, 2018
Соңғы кезде кітап оқитындар азайып кетті деген пікір жиі айтылады. Оқырман азайған жоқ. Себебі бүгінгі оқырман сандық көрсеткіштен гөрі, нақты сапалық деңгейге өтіп жатыр. Оны кітапханалар мен кітап дүкендеріне деген сұраныстың артуынан байқауға болады.
Алакөлдің жағасындағы Қабанбай ауылында жақында ел есінде қалатындай, жүректерге қуаныш сыйлаған елеулі оқиға болды. Осы ауылдың өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан жалғызбасты Гүлбарам Құрманова деген 74 жастағы ана 70 жылдан бері әбден тозығы жеткен шағын бір бөлмелі үйде тұрып келсе де, алақан жайып, ешкімнен көмек сұрамады, барын қанағат тұтып тіршілік жасап келді.
Қазақстан • 08 Қаңтар, 2018
Қазақстан • 08 Қаңтар, 2018
Тарихи ұзақ мерзімді артқа тастап, түрлі жазуларда там-тұмдап хатқа түскен әрі мыңнан бірі ғана күні бүгінге жеткен баға жетпес жәдігерлер – сирек қолжазбалар мен басылымдардың түпнұсқалары М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Орталық және Ұлттық кітапханалардың сирек қорларында жинақталған. Десек те, ел тарихының түп-төркінінен хабар беретін осынау құнды мұраларымыздың жариялануы мен зерттелуі әлі күнге кенже қалып келеді.
Қазақстан • 08 Қаңтар, 2018
Екі дүркін Батыр аналарға – еселі қамқорлық
Осыдан біраз уақыт бұрын төртем тапқан келіншектер туралы қалам тербеп отырып, бір баланың өзін қатарға қосудың өзі ана үшін аз уайым емес екенін ойлағанбыз. Әке-шеше әрбір перзенті үшін шыбын жанын шүберекке түйіп жүріп, тілекші, тәрбиеші, асыраушы болатынын айтудың өзі артық. Ал енді төртем тапқан қандай?! Дүниеге әкелген балаларының санын жетіге дейін жеткізіп, «Алтын алқа», «Күміс алқа» тағып отырған замандастарымызды Алла жарылқасын!