Қоғам • 14 Қаңтар, 2025
Тоқаевтың тағы бір ел көрмеген фотосуреті жарияланды
Танымал қытайтанушы Иван Зуенко Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағы бір ел көрмеген суретін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қаңтар, 2025
Өткен жылы онлайн саудаға 3,2 трлн теңге жұмсалған
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша азаматтар 3,2 трлн теңге жұмсаған. Мұндай деректерді электрондық сауданы дамыту мәселесі қаралған Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баға • 14 Қаңтар, 2025
Жылдың басы Қазақстан мұнай секторы үшін жағымды жаңалықпен басталды. Себебі өткен жылдың соңғы күндерінде әлемдік шикізат нарығында мұнай бағасы аздап көтерілді. «Қара алтынның» қазіргі бағамы (Brent маркасы) барреліне 80 доллардың ар жақ-бер жағында құбылып тұр. Әрине, бұл – бөрікті аспанға ата қуанатындай көрсеткіш емес. Бірақ ел бюджетінің жартысын қамтамасыз етіп отырған мұнай секторы үшін уақытша болса да тұрақтылықтың кепілі. Себебі 2024-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында мұнай бағасы барреліне 75 доллар деңгейінде бекітілген.
Әлем • 14 Қаңтар, 2025
Калифорниядағы өрт сейілмей тұр
Лос-Анджелестегі өрттен қаза тапқандар саны 24 адамға жетті. Калифорнияның Төтенше жағдайлар қызметі осы аптада жел күшейіп, орман өртінің тез таралуына ықпал етуі мүмкін деп ескертті. Қатты өрт негізінен Пасифик-Палисейдс аймағындағы Брентвуд пен Бель-Эйр елді мекеніне қауіп төндіріп тұр. Бұл – көптеген америкалық жұлдыздың сарайлары орналасқан аймақ.
Маман • 14 Қаңтар, 2025
Өндірісте – озат, өнерде – үздік
Қанат Мусин Жезқазған байыту фабрикасының шаң тұтқыш қондырғыларын тазалау және орнату цехының слесарі болып еңбек етеді. 2013 жылы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмәмдаған оның байыту фабрикасына келіп, жұмысшы мамандығын иегеремін деген ойы болған да емес.