Қысқы спорт • 01 Қаңтар, 2018
...Юлия әкесі Евгений Александрович Галышевтан ерте айырылды. Ол қызын ерекше жақсы көретін. Бір үйдің жалғыз баласы болған соң анасы Светлана Геннадьевна да қызын еркелетіп, бетінен қақпай өсірді. Елгезек қыз алты жасында би үйірмесіне қатысты. Біраздан кейін биді ұнатпай, Өскеменнен он шақырым жердегі енді ғана ұйымдастырыла бастаған фристайл секциясына жазылды. Тобықтай ғана қыздың көзінен отты байқаған алғашқы бапкері Анна Корнышева әкесі мен анасына «Юлияның фристайлды таңдауы қуантады, бірақ бұл аса күрделі де қауіпті спорт түрі. Құлап қалып, немесе жарақат алып жатса, маған ренжімеңіздер» деп қысқа қайырды. Бір-біріне аңтарыла қараған Евгений Александрович пен Светлана Геннадьевна, «өкпе айту орынсыз ғой, қызым өжет, алған бетінен қайтпайды» деп сендіре сөйледі.
Қысқы спорт • 01 Қаңтар, 2018
Пхенчханда кімдерге үміт артамыз?
Биыл қазақстандық спортшылар бірнеше маңызды халықаралық жарыстарға қатысады. Соның ең негізгісі – Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін ХХІІІ Қысқы Олимпия ойындары. Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары 33 жолдамаға иелік етті. Негізгі квота қаңтар айындағы жарыстарда үлестірілетінін ескерсек, Олимпия ойындарына дейін бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін.
Қазақстан • 01 Қаңтар, 2018
Асанәлі Әшімов: Жыл жаңа – меже жаңа
Әр атқан таңын олжа көріп, жақсылықтан үміт, жақсы күннен күдер үзбейтін қазағым жаңа жыл келіп есігін қаққанда «Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа!» деп ізгі ниетпен қарсы алады. Міне, тағы бір жылды тарих қойнауына тапсырып, жаңа жылмен қауышып жатырмыз.
Кино • 01 Қаңтар, 2018
Сейдолла Молдаханов: Әкем қазақ киносына түскенімді армандады
Қазақстан • 01 Қаңтар, 2018
Жұмыспен қамтудың жаңа тетіктері
Азаматтарды жұмыспен қамту өте өзекті мәселе. Мемлекет басшысының қолдауымен нәтижелі жұмыспен қамту, әлеуметтік жұмыс орындары, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, қысқа мерзімді оқыту сияқты көптеген жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Бұл еліміздегі жұмыссыздық мәселесін біртіндеп шешуге септеседі. Мәселен, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қысқа мерзімді оқудан өткендердің 87 пайызға дейінгі шоғыры жұмысқа орналасты. Ал Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында тұрғындардың жұмысқа орналасу деңгейі төмен. Сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлік палатасының бастамасымен кәсіпкерлікке баулу, қолдау және несиелеу жұмыстары жүргізілуде.