Қоғам • 29 Қаңтар, 2025
Енді пойызда да интернет ұстайды. Қанатқақты жоба Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Eutelsat-OneWeb» компаниясы арасындағы келісімнің арқасында жүзеге асқан.
Руханият • 29 Қаңтар, 2025
Сүйінбай Аронұлы – айтыс, суырыпсалмалық өнердің дүлдүлі. Ал оның ақындық мұрасы – қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ең бір мәнді де мағыналы, соқталы саласы. Қазақ халқының ақындық өнерінің дамуына ерен еңбек сіңірген дүлдүл ақынның дүние есігін ашқанына биыл 210 жыл. Уақыт өткен сайын ақын шығармаларының көркемдік-эстетикалық байлығы мен құндылығы жарқырай түсіп, бүгінгі күннің қоғамдық-әлеуметтік мұрат-мүддесімен де, ақындық-азаматтық ізденістерімен де тығыз сабақтасып жатқан биік қадір-қасиетімен, сырын да, сынын да арттырып отырған асыл болмыс-бітімімен ерекшеленеді.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2025
Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайы 2024 жылы 540 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсеткен. «Бұл әуежайдың соңғы 55 жылдағы ең жоғары көрсеткіші», дейді әуежайдың баспасөз қызметінің басшысы Айнагүл Сақпосынова.
Мирас • 29 Қаңтар, 2025
Айтар әңгімесін «Е-ее, біз не көрмедік?!» деп күрсіне бастаушы еді кешегі үлкендер. Иә, олар – соғысты, аштықты, соның зардапты салдарлары жоқшылық, жетімдік пен жесірлікті көрді. Бейнет кешті, қашты, тығылды, жалтақ-жалтақ күн кешті. Сондықтан да олардың айтар әңгімесін «Е-ее, біз не көрмедік?» деп бастауға моралдық тұрғыда толық қақылары бар еді. Солар сияқты біз де кейде әңгімемізді «Е-ее, біз не көрмедік?» деп бастап кеткіміз келіп тұрады.
Таным • 29 Қаңтар, 2025
АҚШ-тағы Рейстрэк-Плайя атты өзен осы күні толығымен шөлге айналған. Тіпті өсімдік атаулы да жоқ деседі. Бір қызығы, мұнда 30 кило тастар өздігінен қозғалады.