Қоғам • 11 Қаңтар, 2019
Елдік істерге жастарды көптеп тарту қажет
Парламент Сенаты Бюросының отырысында палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында әлеуметтік саладағы, сондай-ақ Жастар жылын өткізуге байланысты маңызды міндеттер бойынша депутаттар корпусы алдындағы жұмыстардың негізгі бағыттарын атап көрсетті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2019
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіру міндеті қойылды. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын қамтиды.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2019
Бәйдібектіктерге көгілдір отын неге берілмеген?
«Бәйдібек ауданына былтыр 1 қаңтарда газ келді. Алайда, осы күнге дейін тұрғындарға газ берілмеген. Қазір ауылға барсақ, жұрт ренішін жасырмайды. «Уәде бересіңдер, бірақ орындалмайды» дейді. Газбен қамту жұмыстарына басында 1 млрд теңге жұмсалды. Оның қайтарымы болу керек. Қайтару үшін газды беру керек. Газды үйдің іргесіндегі «ШРП»-ға дейін апарған. Одан тұрғын үйге қосып беретіндер әртүрлі баға қояды. Бірі – 80 мың, енді бірі 100-120 мың теңге сұрайды».
«Жусан» операциясы қалай жүрді?
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Сириядағы соғыс аймағынан отандастарымызды елге қайтаруға бағытталған «Жусан» операциясы сәтті аяқталды. Ол Қазақстан Президентінің халықаралық аренадағы жоғары беделінің және еліміздің бейбітшілік бастамалары, қағидаттары негізінде жүзеге асты. Бұл жөнінде Астанада Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Бақытбек Рахымбердиев қатысқан брифингте айтылды.
Таным • 11 Қаңтар, 2019
Керей Қойшыбек: Адамның тәні қартайса да, жаны қартаймауы керек
Керей Қойшыбекті спортсүйер қауымға таныстырып жатудың қажеті шамалы. «Самбо күресінің академигі» атанған айтулы азамат табаны күректей 18 жыл бойы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болды. 1992-2010 жылдар аралығында біздің жігіттер тек әлем чемпионаттарында ғана 10 алтын және 50-ге жуық күміс пен қола медальді олжалады. Ал одан бөлек, әлем кубогы, Азия біріншілігі және басқа да аса ірі халықаралық додалар бар. Бұл жарыстарда да Қойшыбектің шәкірттері оза шапты. Сонымен қатар, білікті бапкер еліміздің жастар құрамасын 10 жыл жаттықтырды. Осы кезеңдердегі табыстардың барлығын тізбелейтін болсақ, отандық спортымыздың өркендеуіне Керағаңның сіңірген еңбегі орасан зор екеніне анық көз жеткіземіз.