Аймақтар • 10 Қаңтар, 2019
«Алматы марафоны» жобасынан түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалады
Биыл дәстүрлі «Алматы марафоны» ағымдағы жылдың 21 сәуірінде өтеді деп күтілуде. Осы орайда, «Бірінші болу - батылдық» корпоративті қорының өкілдері биылғы марафоннан түсетін қаржыны дәстүр бойынша қайырымдылық мақсатта жұмсайтындарын мәлімдеді. Тіпті қайырымдылық көмек алатын мекемелер де белгілі болды.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2019
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде 24 мыңнан аса жәдігер бар
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК - республикадағы іргелі музейлердің бірі. Қорық-музей ақын, ислам дінінің көрнекті жаршысы, «Түркістан пірі» атанған ғұлама Қожа Ахмет Ясауи (Әзірет Сұлтан) құрметіне арнап, ХIV ғасырдың соңында Әмір Темір салдырған кесене негізінде Түркістан қаласында 1978 жылы 30 қыркүйекте «Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сәулет ғимараты музейі» ретінде ашылды.
Қазақстан • 10 Қаңтар, 2019
«Астана» ойыншылары «Жұлдыздар матчының» кеңейтілген құрамына енді
17 ақпан күні Мәскеуде баскетболдан Біріккен ВТБ лигасында сынға түсетін спортшылар арасында «Жұлдыздар матчы» өтеді. Ұйымдастырушылар кеңейтілген тізімге «Астана» ойыншыларын да қосты деп жазады Olympic.kz.
Қазақстан • 10 Қаңтар, 2019
2018 жылы экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi
2018 жылы (2018 жылғы желтоқсан 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда) инфляция 5,3%-ды құрады. Баға қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіпте 12,4%, ауыл шаруашылығы өніміне - 7,8%, көтерме саудада – 5,6%, құрылыста – 3,9%-ға өсті. Барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау тарифтері 31,1%, заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс – 11,2%, пошталық және курьерлік қызметтер – 4,5%-ға жоғарылады. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2019
Қызылордада топан су қауіпті деңгейге жақындады
Қызылорда өңірлік коммуникациялар қызметінде Сырдариядағы мәселеге байланысты брифинг өтті.