Экономика • 13 Қаңтар, 2020
Италиямен тауар айналымы артып келеді
Ақтөбе өңірінде 900-ге жуық шетелдік компания тіркелген. Облыс экономикасының көкжиегін көтеруге осынша шетелдік капиталдың қатысуы салықтық базаның ұлғая түсуіне оң әсерін тигізуде. Соңғы кездері шетелдік инвестициялар тарту көлемі жөнінен Ақтөбе облысы өңірлер арасында алдыңғы орынға шықты.
Экономика • 13 Қаңтар, 2020
Мегаполистен 1000 қадам жерде...
Бүгінде Жетісу жерін мекендеген ел-жұрттың жалпы үлесі 2 млн 47 мың адамға жетті. Ал облыс тұрғындарының 60 пайызы Алматы қаласының маңын мекен етеді екен. Яғни, мегаполиспен шектесетін аудандарда 1 млн 200 мың адам тіршілік етуде.
Әлем • 13 Қаңтар, 2020
Ресей президенті Владимир Путин мен Германия канцлері Ангела Меркель Мәскеуде кездесіп, екі ел арасындағы бірқатар мәселені талқылады. Жоспар бойынша әңгіме барысында екі елге қатысты түйткілдер талқылануы тиіс-тұғын. Алайда, әңгіме ауаны жер жаһанды дүр сілкіндірген жаңалықтарға ойысты.
Әлем • 13 Қаңтар, 2020
Тайваньда өткен президенттік сайлауда Цай Инвэнь жеңіске жетті. Орталық сайлау комиссиясының деректері бойынша, ол 57 пайыз дауыс жинаған. Осылайша, Қытайдан мүлдем бөлінуді көздейтін Инвэнь ел тізгінін ұстауды жалғастыра бермекші.
Әлем • 13 Қаңтар, 2020
Иранның басынан қара бұлт арылмай тұр
Иранның АҚШ базаларын атқылауы, Тегеран маңында ұшақтың апатқа ұшырауы тынышы кеткен өңірдің шырқын одан әрі бұзды.