Саясат • 30 Қаңтар, 2026
Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында
Елімізде Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Кеше елордада кезекті бесінші отырысы өтіп, комиссияға енген түрлі сала өкілдері реформа аясында жаңаратын Ата заңымыздағы өзгерістер мен толықтырулардың жай-жапсарын талқылады.
Саясат • 30 Қаңтар, 2026
Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Жетісу облысына барып, вегетация кезеңіне дайындық, су ресурстарын тиімді пайдалану мен «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне арналған кеңес өткізді. Сондай-ақ вице-премьер өңірдегі бірқатар гидротехникалық нысандардың жай-күйімен танысты.
Саясат • 30 Қаңтар, 2026
Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі
Премьер-министр Олжас Бектенов Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді. Жиында инвесторларды қолдау тетіктерін жетілдіру мен жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді кеңінен қолдану, жаңа буындағы жоғары технологиялық өндірістерді бірлесіп дамыту мәселелері талқыланды.
Саясат • 30 Қаңтар, 2026
Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары
«Amanat» партиясында цифрлық даму және жасанды интеллект мәселелері жөніндегі республикалық партиялық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыстың негізгі тақырыбы – Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басымдықтарын жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетті цифрлық тұрғыда жаңғырту және азаматтардың цифрлық сауатын арттыру бойынша нақты қадамдар жасау.
Саясат • 30 Қаңтар, 2026
Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында сенаторлар ел үкіметі мен OPEC халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектор операцияларын ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялады. Сондай-ақ құқық қорғау органдарының қауіпсіздік қызметін, қару-жарақ саудасы мен тұрғын үй төлемдерін жақсартуға бағытталған заң мақұлданды.