«Халық кеңесі заңнамалық бастама құқығына және республикалық референдум өткізу туралы ұсыныс жасау мүмкіндігіне ие болады. Оның мәртебесі мен өкілеттігін Конституциялық деңгейде бекіту ұсынылады. Бұл оны бірден мемлекеттік биліктің жүйе құраушы институтына айналдырады», деп атап өтті Владимир Бубенко.
Ол Халық кеңесін құру конституциялық реформаның рухы мен логикасына сәйкес келетінін атап өтті. Бұл нормалар тіпті қоғамды мемлекеттік басқару процестеріне кеңінен тартудың құқықтық негізіне айналды.
Сондай-ақ, спикердің айтуынша, конституциялық құндылық ретінде табиғатқа ұқыпты қарау мәселесі де ерекше маңызға ие.
«Конституция деңгейінде экологиялық жауапкершілік қағидаттарын бекіту орнықты дамуға деген қоғамдық сұранысты көрсетеді және өмір сүру жағдайын сақтауға деген ұжымдық жауапкершілік мәдениетін қалыптастырады. Экологиялық қорғау өз мәні бойынша қоғамды және оның ұзақмерзімді мүдделерін қорғаудың нысаны», деп атап өтті Мәслихат төрағасы.
Сонымен қатар, Владимир Бубенко Халық Кеңесінің Қазақстан халқы ассамблеясының этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, ішкі саясат пен мемлекеттік идеология бойынша ұсыныстар дайындау жөніндегі функцияларын өз мойнына алатынына да тоқталды.
Ерлан Қарин: Жаңа Конституция Қазақстанның кемелденген мемлекеттігін көрсетеді
«Сайып келгенде, Халық кеңесі қоғамдық сенім институтына айналады. Ол азаматтар мен мемлекет арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, әртүрлі әлеуметтік және этникалық топтардың мүдделерін келістіріп, қабылданатын шешімдердің заңдылығын арттырады. Жалпыхалықтық референдумда жаңа Конституция қабылдаған жағдайда Халық кеңесі Қазақстан азаматының әрбір сөзі ескерілетін ерекше платформаға айналады», деді Владимир Бубенко.
Дания Еспаева: бізге жекелеген түзетулер емес, жаңа Конституция қажет