Оқиға • 29 Қаңтар, 2026

Сібір елігін атқандар темір торға тоғытылды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының үш тұрғыны заңсыз ау аулағаны үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сібір елігін атқандар темір торға тоғытылды

Фото: Ашық дереккөз

Тегін олжаға көздері қызыққан үш адам «Көкшетау» ұлттық мемлекеттік табиғи паркінің аумағында, нақтырақ айтсақ, Зеренді филиалында үш сібір елігін атып алған. Таяуда табиғаттың иен байлығын тегін олжа көрген браконьерлерге жаза кесілді. Әуелі заңсыз аулағандар өздерінің кінәсіздігін айтып ақталғанымен, барлық дерек пен дәйек бұлтартпады. Зеренді ауданының прокурорлары браконьерлердің қылмысын дәлелдеді.

Атырауда браконьерлерге 31,7 млн теңге айыппұл салынды

Нәтижесінде заңсыз аңшылықты ұйымдастырушы 6 жылға, екі қатысушы 2 жыл 8 айға түрмеге тоғытылды. Олардың аңшылыққа пайдаланған көлігі мемлекеттік есебіне алынды.

Қазақстанда браконьерлерден мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Зеренді ауданында осындай келеңсіз оқиға екінші рет қайталанып отыр екен. Өткен жылы 11 қылмыстық іс қаралыпты. Заңсыз аң және балық аулаған 400 адам жауапқа тартылған. Табиғатқа келтірілген зиян шамамен 8,5 миллион теңге.

 

Ақмола облысы   

Соңғы жаңалықтар